Қабанбай батырға ескерткіш орнатылады

Қазақтың қаһарман батыр тұлғаларының бірі Қаракерей Қабанбайдың Жетісу жерінде тұрып жатқан ұрпақтары «Дарабоз» қоғамдық-мәдени қорын құрды. Қорды құрудағы мақсат – туған жеріміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы бабаларына ескерткіш орнату. Қор бірнеше қайырымдылық шара ұйымдастырып, облыс орталығында Қабанбай батырға ескерткіш орнату үшін қаржы жинады. 2008 жылы 10 миллион теңгедей жиналса, ағымдағы жылдың алты айында 40 миллиондай теңге жиналды.

Ескерткіш қоладан құйылып, тұғырының биіктігі 11 метрді құрайтын болады. Ескерткіштің мүсіншісі – Болат Құсайынов, жобалаушысы – Бердібек Шігербаев. Құрылысты «Ақсұңқар-ай» ЖШС жүргізуде. Қабанбай батырдың ескерткіші қаладағы жаңа «Қаратал» ықшамауданына орнатылатын болады.

 Қаракерей Қабанбай (1703-1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі — Орта жүздің найман тайпасының қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен батыр әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер дерегіне қарағанда, Күшік батыр еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады.

Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери қақтығысы — 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белесі.

 Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді. Бұл кезде оның есімі ел арасының бітімгершілігіне жүрген дана, би ретінде айтылады.

Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді.

Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін Қаракерей Қабанбайдың денесі осы атамекеніне әкеп жерленген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста