Өз әншіміз – «ұры», өзгенікі «ұлы» ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ұры кім? Кімді ұлықтаймыз, кімді жер қыламыз? Бізге керегі намыс болса, намысты адам өзін қорлау арқылы қорғайтын ба еді? Таяуда бір марапаттауда «Қызыл өріктің» қырғыз еліндегі орындаушысын шақырып, марапаттап, Ақылбек Жеменейді жер қылыпты бұл қазақ. Мәселе Ақылбекте ғана емес, үндемес пе едік, егер бұл жерде ахуал түгел қазақ эстрадасына, жалпы қазақтың намысына қатысты болмаса.
Қырғыз әні «Қызыл өрікті» қазақ же­рінде хит қылған Ақылбек Жеменей, ал ол оны «ұрлап алғаны» өз алдына бөлек әң­гі­ме. Әрине, ұрлықтың аты – ұрлық, ол үшін еш­кімнің басынан сипау керек деп отыр­ғанымыз жоқ. Бірақ Жеменей қазақ эстра­да­сындағы жалғыз «ұры» ма? Жә, өзгеге өтпей, жалпыға кетпей тұрып, Ақылбек Жеменейдің өз пікірін білсек бұл жайлы:
Ақылбек Жеменей, әнші:
– Жасырмаймын, иә, «Қызыл өрік» – қы­рғыз әні. Ұрлады дейтіндей, мен оны ешқашан қазақтыкі не өзімдікі деген емеспін. Бұл – бір, екіншіден, қырғыз ән­ші­лері де қазақ әндерін орындап жүр ғой. Осы уақытқа дейін қырғыз әндерін айтып көрмеппін. Әріптестерімнің көбі­нің репер­туарында қырғыз әндері бар. Сондықтан бізге де неге айтпасқа деген ой келді. «Қы­зыл өріктің» қазақша сөзін Ринат Зайтов жазды. Бірақ қайырмасын қырғыз әніндегі сөздер бойынша қал­дыр­дық. Жаздырған кезде бірден көп сұранысқа ие болады деп ойлаған жоқ едім.Табысты ән болды. Той­шы қауым­ның сұранысы көп. Бәрінің айта­ты­ны – «Қы­зыл өрік». Өзімнің табиғатыма келе­ді-­ау деген осы ән болды. Қырғызша ор­ын­далуы сәл басқа, біз қазақи­ландырып өзгеріс бердік.

Тізе берсек, қазір біздікі деп жүрген әндердің шын иесі – Мирбек Ата­беков, Ильяс Абдразақов, Мирлан Алыкулов се­кілді қырғыз композиторлары. Тіпті «Мұ­зарт­тың» өзі бір емес, бірнеше әнін қыр­ғыздан алған соң, басқаларға не өкпе? Атап айтқанда, «Арман, арманнан» бас­тап, «Таң сыры», осы соңғы «Тамшы­ла­ры­на» дейін бір емес, бірнеше әнін әйгілі топ Алатаудың ар жағындағы ағайынды­лар­дан алды. «Каспий» тобының «Лейли», «Әпекем», Бейбіт Қорған «Шоқ қыздарды», Қайрат Нұртас бір емес, қырғыздың бір­неше әнін қазақ эстрадасына етене енгіз­гені соншалық, бүгінде ол әндерді қазақ тіпті қырғыздан естісе, қызғанатын дәре­же­ге жетті дей аламыз. Әншілеріміздің бәрі бірдей үндемей өзімсініп жүре бер­мей, керек жерінде авторларын атап жүр­ген шығар. Алайда бұл жерде біздің әнші­леріміздің сіңірген еңбегін де жоққа шығар­мауымыз керек қой. Белгілі бір ағамызға ұқсап, «Қызыл өрікті» алғаш шығарған қыр­ғыз әншісі Мирлан Баековты елімізге шақыртып, «Жылдың хиты» деген номи­нация бойынша марапаттаудың қажеті қанша? Қай жағынан алғанда да бұл қи­сынсыз, себебі, біріншіден, ән қырғыз же­рінде осыдан екі жыл бұрын хит болып қойған, екіншіден, өз сахна төрімізде «мен оны сотқа берем» деп, Ақылбектей әнші­міз­дің сыртынан қырғыз әншісін қопаңда­татын не сорлы күн туды басымызға? Тек бір адамға ғана қатысты айтылған сөз емес, жалпы «қызым, саған айтам, келі­нім, сен тыңда» дегеніміз. Қазақ «жаман үйді қонағы билейді» деп текке айтқан жоқ, яғни өз кемшілігімізді білуіміз, олар­мен күресуіміз керек, бірақ оған өзгені куә қылудың қажеті жоқ. Әрине, әділдік ке­рек, бірақ біз әділдік орнатудың жөнін білуіміз керек қой. Бір «ұрлықты» масқара­лаймыз деп, күллі ұлттың жүзін төменшік­тетуіміз керек пе, әділдік деген сол ма? Себебі қазір баяғыдай қазақы кеңпейіл­діктің заманы өткенін бәріміз мойындай­мыз, қандай шығарма алса да, әншілері­міз­дің рұқсатсыз алмайтындығы айдан анық, араларында ат жүрмесе де, ағайын­гер­ші­лік­пен шапан жүре­тін болар. Бұл өз алдына, біз одан да мәселені тамырымен қопарып, неге қазақ әншілері кейінгі жыл­дары қырғыздың әндеріне құмартып алды деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Қа­зақ­та айтатын ән қалмады ма? Сазгер жаңа әуен, ақын сөз жаза алмайтындай дәре­жеде таусылдық па? Ғалым Жайлыбай аға­мыздан бастап, Қасымхан Бегманов, жас та болса талай әнге жазған сөзі көңіл­дер­ден орын алған Қалқаман Сарин, Талант Арынғали, Ринат Зайытовтар аздық ете ме әлде? Болмаса, қаламақыны қымбат сұ­рай ма екен? Мүм­кін, біздің ком­по­зитор­лардың әндері тым қымбат па екен деп те ойланасың. Егер әңгіме халық жылдам қа­был­дайтын ойнақы әуендерге ғана тіреліп тұрған болса, бізде ол да бар ғой.
Майра Ілиясова, әнші, продюсер:
– Жалпы, әнші ретінде мен бұған қарсы емеспін. Егер ән жақсы болса, неге айтпасқа? Жалпы, қырғыз әні қазақ елінде бүгін пайда болған жоқ. Баяғыда мен бала кезімде «Сен – жылқышы, мен шабан» деп әндететініміз есімде. Бала да болсам, қырғыз әнінің әуезділігіне сүйсінуші едім. Қазір әрине қырғыз әндері ерекше дарып кетті бізде. Бірақ Мұзарт, Ақылбек болсын жақсы орындап, қазақ дастарқаны мен сахнасының сәніне айналдырды. Ол еш­қандай әбестік емес, қайта көршіміз қуа­нуы керек. Себебі өнердің өрісі кең. Әрине, бірақ жастарымыз хиттің жөні осы екен деп өз әнін ұмытып кететін болса, оған әри­не, қарсымын. Өзгені ұлықтасақ та, өзі­мізді төмендетпеуіміз керек.

Түйін
Жалпы, көрші елдің әнін салу жал­ғыз бізде ғана бар құбылыс болмаса керек. Себебі біздің де небір әндерімізді көр­шілес өзбек, қырғыз, қытай жерінде ор­ын­дап, тәп-тәуір тыңдарман жинап жат­қандар бар көрінеді.
Нақты мысал қажет болса, Заттыбек Көпбосыновтың «Ақ­маржаны», Өктем Алтаевтың «Жа­ным», Мұзарт тобының репертуарын­дағы қаншама әндер бауырлас елдерге бара қалсақ, біздерді сол жақта құшақ жая қарсы алып жатқаны да өтірік емес. Жал­пы, осыған қарап бұл тіпті қазіргідей жа­һан­дану заманына тән заңдылық па деп те қаласыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста