Отыз күндік сынақ

Айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы биыл тамыздың 21-інде басталады. Ораза айының осы жолғы ерекшелігі әдеттегідей 29 күнге емес, 30 күнге созылады. Бұл айды дүниежүзі бойынша екі миллиардтан астам мұсылман тағатсыздана күтуде. Кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Шейх Әбсаттар Дербісәлі қасиетті айдың ерекшелігі мен ораза ұстау ережелерін түсіндіріп берді.

Рамазан айын кейде мұсылмандар «Құран айы» деп жатады. Мұның мағынасы – осы айда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға Қасиетті Құранның ең алғашқы сүрелері түскен. Діни кітаптарда бұл – Милляди жылымен есептегенде 609 жылдың 27-ші Рамазан айы болған делінген. Ораза ұстау ақыл-есі дұрыс, балиғатқа жеткен, денсаулығы жақсы ер кісіге, етеккірден таза, нифастан айыққан әйел затына, жолаушы емес мұсылманға парыз етілген. «Бақара» сүресінде: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» деп жазылған. Оразаның негізі мақсаты – мұсылманды рухани тазартып, тақуалыққа жеткізу. Тақуа деген сақтану, қорқу, сиыну деген мағына береді. Ал тақуалықтың мәні – Аллаға бойсұну, әмірлеріне құлдық ұрып, иманды, парасатты жан ретінде Ұлы жаратушының сыйлаған сансыз нығметтерінен айырылып қалудан сақтану. Бас мүфтидің айтуынша, биыл Рамазан айы 21 тамыздан 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы айдың 20-сы күні барлық мұсылмандар Айт мерекесін тойлайды. Ал қыркүйектің 15-інен 16-ына қараған түні халық Қадыр түнін күтеді. Ол сондай-ақ неге биыл ораза айы 30 күн деп белгіленгенін айтып берді. Ислам күнтізбесі бойынша бір жылда 354 күн бар. Оның жарты жылында барлық айлар 29 күнге толықса, жарты жылында 30 күннен келіп отырады. «Алдымызда 30 күндік айлар басталғалы отыр», – дейді Әбсаттар қажы. Рамазан айының туғанын көрген адам бірден ауыз бекітуі керек. Осы айда мұсылмандар ізгі амалдар жасауға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге қасиетті айда тек қана ішіп-жеуден емес, басқа да теріс қылықтардан барынша іргені аулақ салған абзал. Бұл уақытта садақа бергеннің де үлкен сауабы болады. Биыл жан басына беретін пітірдің құны Алматы бойынша 100 теңге болып белгіленіпті. Оны азаматтар Рамазан айы басталғаннан Айт мерекесі біткенше беріп үлгергені дұрыс. «Азаматтар құлшылық амалдарын көбейтіп, көбірек Алланы еске алып, жиірек Құран оқумен қатар мешіттердегі кешкі тарауих намазына да қатысуы керек. Алла Елшісінің айтуынша (с.ғ.с) жәннатта бір есік бар екен, оған тек ораза ұстаушылар ғана кіреді», – дейді Әбсаттар қажы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста