Отандық продюсер Жанна Абуова өзінің өте танымал қазақ әншісінің тоқалы болып, оған ешкімге айтпай бала туып бергенін мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.
Ол отандық әншілердің бірімен, оның әйелі бола тұра, некеге тұрып, оған бала туып бергенін айтты. Өзінің ұлы Иманәлінің әкесінің кім екенін анық айтпаса да, уақыт өте келе бұл құпиямды да елге жайып саламын деді.
"Мен ол кісіге жасөсіпірім қыз сияқты басым кетіп, ғашық болдым. Оның сөзіне сендім. Кейіннен оның айтқан сөздерінің барлығы өтірік екенін түсіндім. Ол әйелімді сүймей қалдым деді", - деп ақталды ол.
"Мен оның әйелі болдым. Яғни, мен баланы некесіз емес, некемді мешітте қидырып барып өмірге әкелдім", - деген ол қыздарға өзінің қателігін қайталамауды сұрады.
"Мен оның отбасын бұзғым келмейді. Ол маған не үшін керек? Кейін уақыты келгенде, айтамын", - деді ол.
Оның айтуынша, баланың әкесі өзінің баласын көрмейді де, араласпайды да. Тіптен оған алимент те төлемейтін көрінеді.
"Оның маған деген көзқарасын мен баламды дүниеге әкелген кезде түсіндім. Ол оны тиісінше қабылдамады. Мен оны көзінен түсіндім де оған аулақ кет, жолың болсын дедім. Ол да маған жолың болсын деп тілеп, екеуіміз қош айтыстық", - деді ол.
Осы сәтте бағдарлама жүргізушісі оның орысша сөйлей алмайтын, қазақтың ең сүйікті әншісі екенін де айтып қалды.
Желі қолданушылары түрлі болжамдар жасап, Жанна Абуованың ұлының әкесін таппақ болды.