Оқушылар Асанәлі Әшімовпен кездесті

Жуырда Алматы қаласындағы № 33 мектеп-лицейінде «Тіл және өнер» атты тілдер апталығы өтті. Апталық барысында Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, кино өнерінің дарабозы, атақты актер Асанәлі Әшімовпен кездесу кеші болды.
Аталған шараның басты тақырыбы – тіл мен өнердің сабақтастығы. Апталыққа атсалысқан оқушылар ел мәдениетінің, оның ішінде кино өнерінің дамуындағы ана тіліміздің және әдебиетіміздің атқаратын рөлі мен кино саласының өзіндік ерек­шеліктері жайлы пікірлерімен алмасты. Бұл кездесуге А.Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова, інісі Болат Әшімов пен Медеу ауданының білім бөлімі басқармасының тәрбие ісі меңгерушісі Салуа Қадыр­хайырқызы қатысты. Асанәлі ағамыздың өнеріне тәнті, ол түскен әрбір киноны қалт жібермей көретін жас жеткіншектер мен мектеп оқушылары сауалдарын жарыса қойып, тартымды әңгіме-сұхбат ұйым­дастырды. Атақты әртіс ағамыз өз кезегінде балдырғандарға ақылын айтып, мем­лекеттік тіліміз бен қазақ әдебиетінің еліміз үшін маңыздылығын атап көрсетті. Кездесу соңы түрлі сахналық көріністермен өрбіп, қолтаңба алып, суретке түсумен аяқталды. Мектеп ұстаздары мұндай ұлағатты адамдармен кездесудің жасөс­пірімдерге берер тәрбиесі мол деп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста