Өлкетану мұражайына өң кірді

Семей қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы жаңарты­лып, өз келушілеріне айқара есік ашты. Бес ай бойы күрделі жөн­деу жүргізілген мұражай жаңа заман талабына сай етіп жөн­делді.
Жөндеу жұмыстары үшін республика­лық және облыстық бюджеттен 70 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жөнделіп, шатыры жылыланды. Қорғаны жаңартылып, ішкі жарықтандыру құрыл­ғы­лары ауыстырылды. Соған қоса, автоматты өрт сөндіру жүйелері құрылды.
Мұражайда жеті зал жұмыс істейді. Мұ­ра­жай қыз­меткерлерінің айтуынша, зал­дар тү­гелдей дерлік жаңартылды. Жа­ңар­ған залдар бұрынғы жәдігерлерді сақ­тай отырып, қосымша жаңа жәдігер­лер­мен қай­тадан жабдықталды.
Соған қоса, жөндеу жұмысы барысын­да мұражай жаңа қондырғылармен жаб­дық­талып, ақпаратты технологияны игеруде. Бүгінде мұражай залдары төрт сенсорлық киоск, аудиожинақтар, кең экранды проекторлар, теледидарлармен толықты. Ол­ардың барлығы экспозициялық залдарда құрылып, келушілерге мұражай қоры мен өл­ке тарихы жайлы сандық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, бұл мұражай – Қазақ­стан­дағы көне мұражайлардың бірі. 1883 жыл­дың 11-і қыркүйегінде саяси жер ауда­ры­лып кел­гендердің бастамасымен ашыл­ған. Мұра­жай қазіргі ғимаратқа 1978 жылы көші­ріл­ді. Күрделі жөндеу мен экспозиция­ны әрлен­діру жұмыстарынан кейін, 1983 жыл­дың 21 қазанында мұражайдың 100 жыл­дық мерейтойына орай семейліктерге өз есігін ашты. 25 жылдан артық халыққа қыз­мет көрсетіп келген мұражай былтырғы жыл­дың тамызында күрделі жөндеуге жа­был­ған болатын.
Ләззат ӘЛЖАН, Семей тарихи-өлкетану мұражайындағы Семей аймағының тарихы бөлімінің бастығы:
– Біздің мұражай отыз жылға жуық уақыт жөндеу көрмеген болатын. 2010 жылдың тамыз айында күр­делі жөн­деуге жабылды. Енді, міне, жаңар­ған мұражай келушілеріне есігін ашып отыр. Осы күр­делі жөндеуден соң жаңа экспози­ция ашылды. Басты мақсат – 130 жылға жуық бойы сақ­та­лып келген қордағы жәдігерлер мен деректерді халыққа ұсыну, Семей қаласының тарихын келушілерге кеңірек тарату.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста