Өлеңмен үндес суреттер

Бүгінде Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Майса Ықыласованың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деген тақырыптағы көрмесі өтуде. Көрменің тақырыбы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен аталуы бекер емес. Кезінде поэзияны өзінің сыңарына теңеген Мұқағали ақын бүгінде дарынды қылқалам шебері Майсаның музасына айналып отыр. Яғни суретші өзінің жеке көрмесін Мұқағали поэзиясына арнаған. Ашылу рәсімі тамыздың 14-інде өткен суретші Майса Ықыласованың көрмесі тамыз айының 28-іне дейін жалғаспақ.

Жарық дүние-ай,
жарық дүние жақсы еді,
Жаңылыспаспын жарым деп
айтсам нақ сені.
Құшаққа сыйса,
құшырым қанып өтер ем,
Құшақтап тұрып өлер ем.

Мұқағалидың осы бір жыр жолдары – Майсаның ақын шығармаларының ішіндегі сүйіп оқитын өлеңі. Жастайынан Мұқағали жырын жаттап, өлеңдеріне ғашық болған Майса Ықыласова есейе келе бойындағы суретшілік өнерін поэзиямен ұштастырды. Ол студенттік кезден бастап Мұқағалидың өлеңдеріне сурет сала бастады. Поэзияға сурет арнаудың өте күрделі екені айтпаса да түсінікті. Ақынның жүрегінен шыққан сезімді суретші өз жүрегінен өткізіп, қылқаламның күшімен халыққа жеткізу ерекше дарынды, өлеңге деген махаббатты, сезімталдықты талап етері хақ.
Поэзияға, соның ішінде Мұқағалидың поэзиясына арнап сурет салған суретшілер аз емес. Алайда ақынның поэзиясына арнайы көрме өткізіп отырғандардың алғашқысы – Майса Ықыласова. Суретшінің айтуынша, кейбір суретті салуға бірнеше жыл уақыт кетсе, кейбір өлеңіне ағын су секілді аз уақытта бірнеше сурет салып тастауға болады.

 

Майса Ықыласова, суретші:
– Мен суреттерімнің басым бөлігін Мұқағалидың лирикалық өлеңдеріне арнадым. Өйткені ақынның жүрегінен шыққан сезімге толы жырлар менің жан дүниеме жақын. Соңғы кезде Мұқағалидың лирикалық жырларынан басқа да өлеңдері шығармаларыма арқау болды. Мұқағали өлеңдеріне арналған шығармаларымның кейбіреуін мен бірнеше рет қайталап салдым. Айталық, «Махаббат диалогы» тақырыбындағы суретімді мен алғашында басқа техникалармен, яғни қарындашпен, майлы бояумен салып көрген едім. Бірақ бұлар көңілімнен онша-мұнша шыға қоймады. Сондықтан ең соңғысын батик техникасымен матаға салдым. Бұл жердегі түс сәйкестігі де, сезім де, барлығы бір арнаға түйіскен секілді. Алдындағы нұсқаларына қарағанда осы жолы «Махаббат диалогы» көңілімнен шықты
 Майса Ықыласова – Д.Сүлеев, Ж.Қайрамбаев, В.Рахманов сынды өнер тарландарынан дәріс алған белгілі қылқалам шебері. Суретші туындылары Түркия, Германия, АҚШ коллекционерлерінің меншігінде сақтаулы. Бұған дейін «Миллион бояу», «Мұқағали» сынды жеке көрмелері Астана, Павлодар қалаларында өткен болатын. Ал бүгінгі Алматыда өтіп жатқан көрмеден оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындары суретшінің өмірге байланысты махаббат, туған жер, жеке адамдарға арналған шығармаларымен таныса алады. Сонымен қатар Майса Ықыласованың батикте орындалған туындыларының жаңа қырларын көре алады

Сандуғаш МЫРЗАБЕКОВА, суретшінің кураторы:
– Майса Ықыласованың шығармашылығы өте жан-жақты. Ол бір өзі бейнелеу өнерінің ішіндегі бірнеше саланы алып жүр. Батик, кескіндеме, графика салаларының әрқайсысында суретші өзінің шығармашылық құрылымын шынайы бере біледі. Майса Ықыласова адам сезімінің қыр-сырын шығармаларындағы лирикамен ұштастырады. Ол өзінің әрбір шығармасында жазу сызықтарын жеңіл қолданып, бояу түстерін үйлесімділікпен таңдайды. Мысалы, портреттеріндегі бояулар адамның ішкі дүниесін шебер бейнелейді. Суретші өз шығармаларындағы символикалық белгілер мен сұлу қыздың суреті арқылы Мұқағали ақынның өлең жолдарын қылқаламның ұшымен жеткізгісі келгендей.

«...Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған...», «...Иек артқан теңізге мүйістейін, келші, қалқам, шашыңнан иіскейін...». Мұқағалидың әйел сұлулығына, қыз баланың әсемдігіне арналған өлең жолдарын тізбелейтін болсақ, оның әдемілікті суреттеуіне таңғалмау, тамсанбау мүмкін емес. Әсіресе, «құлағымен сүйетін» әйел адам үшін дүниеде өзіне арналған әдемі сөзден артық сый бар ма? Майса ең алдымен суретші емес, әйел ретінде ақынның поэзиясынан әсер алғаны оның әйел тақырыбындағы шығармаларынан анық байқалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста