Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының қорынан «Е.Сидоркиннің шығармашылығындағы Абай әлемі» көрмесі өтуде.
Аталған көрме Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында ұлы ақынның 165 жылдығына және мұражайдың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының өкілдері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, зиялы қауым, студент жастар қатысты.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының басшысы Жандос Мағазбек- ұлының айтуынша, Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Е.М.Сидоркиннің туындыларының топтамасы мұндай көлемде бірінші рет ұсынылып отыр.
Көрменің ашылу салтанатында Өнер мұражайының директоры Нұржази Қалиева мұражайлар арасындағы жобалар заман талабы екендігі жайында сөз етсе, ал Абайдың қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір өз сөзінде ұлы ақынның мұражайының қысқаша тарихына тоқтала келе, бүгінде атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.
Абай мұражайының ғылыми қорында суретшілердің Абай тақырыбына байланысты 600-ден астам туындылары жинастырылған. Солардың ішінде саны жағынан басымы – график-суретші Е.М.Сидоркиннің жұмыстары.
Жандос ӘУБӘКІР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент:
– Ұйымдастырылып отырған көрмеде Е.М.Сидоркиннің 35 графикалық жұмысы – М.Әуезовтің «Абай жолы» романына жасаған иллюстрациялары ұсынылып отыр. Бұл кітапқа суретші екі мәрте, алғашында – 1960 жылы линогравюралық, он жылдан кейін «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасы» автолитографиялық топтамасы үшін оралды. Ал 1971 жылы Абай мұражайының экспозициясына арналған 11 графикалық туындылар салған.
Назарда – «Абай әлемі»
Последние статьи автора