"Нұр-Мұқасан" тобының экс-мүшесі Мұқасан Шахзадаев алғаш рет қолы жетпеген ару жайлы жан сырын ақтарды . "Алғашқы" бағдарламасына келген әнші сүйген қызының басқа азаматқа тұрмысқа шыққанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің бір өмірде өкінген сәтім бар. 1989 жылы Тараз қаласында училищеде оқыдым. Сонда әпкем менен ертерек оқуға түсті ғой. Әпкемнің Сажида деген құрбысы болатын. Мен училищеге түскенде екеуі ақылдасып, Сәжиданың құрбысы Бағиламен таныстырды. Мен ол қызды шын мәнінде жақсы көрдім. Ол да жақсы көрді. Өкінішке қарай, бір жыл ғана оқып, мен Шымкентке оқуға кетіп қалдым. Бағила сол Таразда қалды. Шындығы, Бағила мен Сәжида әке-шешеден ерте айырылған. Сөйтіп бұларды әкесі мен шешесінің туыстары бөліп-бөліп асырап алған", - деді Мұқасан Шахзадаев.
Сонымен қатар әнші Бағиланы асырап алған ата-анасының туыстары баласына айттырады. "Мен Шымкенттен келдім. Екеуіміз кездестік. Сол кезде ол қыз мені қанша жақсы көріп тұрса да, айта алмай тұр. Айтқысы келмейді, бірақ оны маған айтуы керек. Сол асырап алған кісілер айттырған туысының баласына береді. Сол кезде жүрегінің тазалығы шығар, маған жылап тұрып "Мұқасан, кешір! Мен сені жақсы көремін. Бірақ мен әке-шешеден ерте айырылып, жетім қалған кезде бағып-қағып, өсірген кісілердің сөзін жерге тастай алмаймын. Мен амал жоқ, басқа жанға тұрмысқа шығамын" деді. Сол кезде менің ренжігемін, өкінгенім бар. Шынайы махаббат, сондай қатты күйге түскенім бар. Тағдыр солай болғасын, мен "жарайды" дедім де, бұрылып кеттім. Ол "Мұқасан, Мұқасан, сөйлесейікші" деп қалды. Сөйлескенде болды ғой. "Сен бәрібір ол кісілердің сөзінен шыға алмайсың" дедім. Мен кәдімгідей ренжіп кеттім. Бірақ уақыт өтіп, ашу басылғаннан кейін мен ол қыздың жан дүниесін түсіндім. Солай болатын дүние ғой", - деді Мұқасан Шахзадаев.