Республикалық әдеби-мәдени, танымдық «Мұқағали» журналы өзінің маусым айындағы 6-санын «Әбділда ақынның 100 жылдық мерейтойына Мұқағали қатысса» деп бастапты. Белгілі журналист Батық Мәжитұлының қаламынан туған бұл мақаладан оқырман Мұқағали мен Әбділда ақынның бір-біріне деген қамқорлығы, рухани жақындығы жайлы көп жайтқа қанығады.
Сондай-ақ бұл нөмірде ақын Әбдірахман Асылбектің «Мәңгілік Мұқағали» атты өлеңдер топтамасы және жезқазғандық мұқағалитанушы Амантай Қалымбергеновтің «Бүгін бәрі жол береді» жырлары жарық көріп отыр. Қаламгер Қуанышбек Құрманғалидың «Мұқағали жыры – жалпақ елдің жүрегінде» атты зерттеуі ақиық ақын мұрасының жаңа қырларын көрсеткен.
Жақыпжан Нұрғожаев «Мұқағали және Жүрсін» деп аталатын мақаласында ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Жүрсін Ерманның Қарасаз жұртшылығымен кездесуі жайында естелік сыр қозғайды. «Дархан даламыздай кеңдікті көрдік» деп аталатын Мәмет Иманбайдың естелігінен қалың оқырман Мұқағали Мақатаевтың жеке адамгершілік қыры, мінезі жайлы толғаныстарға қаныға алады. «Нұр ағаның ақ құсы» атты сұхбатта Дариға Тілендікеліні Нұрғиса Тілендиев пен Мұқағали ақынның достығы мен шығармашылық жолындағы екі тұлғаның үндестігі жайында әңгіме қозғайды. Ал журналда жарияланған Жәлел Айдарханұлының «Шарын шатқалы» танымдық мақаласы тың деректерімен, ұтымды пікірлерімен құнды.
«Мұқағали» Әбділдамен қауышты
Последние статьи автора