Мұғалімнің сурет көрмесі өтуде

Тәуелсіздік тойына қылқалам шеберлері де тарту жасап отыр. Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы - Жаркент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галерея­сына келушілер суретші Ақан Оймауытовтың туындыларын тамашалауда.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап ұй­ым­дастырылған көрмеде пәлсәпалық иірімдермен астаса бейнеленген қазақ хал­қының азаттық жолындағы күрес­керлік тарихы, туған жер суреттері, ел­дің салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі көрер­мендерін тәнті етеді. Кенепке салынған «Орбұлақ шайқасы», «Шоқан – Жаркент өңірінде», «Шоқан және оның өмірі», «Айсара мен Шоқан» туындылары, «Нәу­бет жылдары» сериялы суреттері Үл­кен­шыған орта мектебі мұғалімінің кең тыныс­тылығын танытып отыр. Еліміздің жетістіктерін тақырыбына арқау еткен суретші соңғы он жыл көлемінде бірнеше рет жеке көрмесін ұйымдастырып, еліміздің өзге де өңірлеріндегі көрмелерге қатысқан.
Сурет салумен қатар, ағаш пен тастан мүсін қашайтын Ақан Оймауытов қазір туған өлкедегі тарихи құндылықтарды, көне дәуірден қалған жәдігерлерді жинақ­тап, зерттеуге де ден қоя бастады. Мәдени мұра жанашырының бұл бастамалары игілікті іске түрткі болғанын да атап өту керек. Жақында Қазақстан көркемсурет ака­демиясының ұйымдастыруымен Жар­кент өңіріндегі петроглиф суреттерді зерттеуге халықаралық экспедиция жасақ­талып, экспедиция мүшелері Жаркент жайлау­ларының тастарындағы жазулар мен суреттерді, табиғат бейнеленген көріністерді картаға түсіріп қайтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста