Мен білетін Абай

Абай – биік шың. Ұлы хакімді әркім өзінің парасат биігінде қабылдайды. Белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахмет, сыншылар Тұрсынжан Шапай мен Таласбек Әсемқұловтар таныған Абай мен мектеп оқушысы таныған Абайдың арасында жер мен көктей айырма бар. Кейбіреулер үшін ұлт ұстазы «Күз», «Қыс», «Жаз» сынды өлеңдердің авторы ғана. Сол себепті де әркімнің өз Абайы бар деп айта аламыз. Біз төмендегі азаматтарға «Сіз білетін Абай кім?» деген сауалды жолдаған едік.

Ахметбек НҰРСИЛА, кәсіпкер:
– Мен Абайды 30 жастан асқан соң түсіне баста­дым. Оған дейін «жүрегінің түбіне терең бойлай алмай», үстіртін оқып жүрген екен­мін. Түсінгеннен бергі уақытта бір адам­ның бойына осыншама қасиеттің қалай сыйып тұрғанына таң­ғалу­мен бол­дым. Ақын­ды­ғы, полиглот­ты­ғы, теолог­тығы, ком­пози­торлығы, әлем философторын игер­ген ой­шыл­ды­ғы, ұстаздығы, қай қасиеті болма­сын – ең жоғары деңгейде.
Әлемде көптеген ғұламалар өмір сүр­ді, бірақ осынша қасиетті бір тұлғаның бо­йынан табу мүмкін емес дүние. Бекен Исабаев атаның «Ұлылар мекенін» және Қасым Аманжолов түсірген «Анық Абай» деректі фильмінен кейін алған әсерім одан да ұлғайды. Менің қазіргі ұққаным, Абайды осындай биікке шығуына мы­нан­дай қасиеттері көмектесті: 1. Өзіне-өзі шын­шыл, әділ сын көзімен қарай алуы. «Ойға түстім толғандым» өлеңін қараңыз. 2. «Көкірек көзі» ояу, ашық болғандығы. «Көзінен басқа ойы жоқ, ойында бір ақ шар­уасы» емес, дүние мүлікті, атақ абы­рой­ды, мақтанды тәрк ете алған Хакімнің көкірек көзі ашық болғандықтан, кез кел­ген ғылым-білімді оп-оңай игеріп алған. Көкірек көзі ашық осынау әулие адамға еш­нәрсе кедергі бола алмаған.

Ақберен ЕЛГЕЗЕК, ақын:
– Абай тілі шыққан кезде, анасы Ұл­жан­нан: «Мен дүниеге келген күні бөлме іші неге қызылды-жасыл болып тұрды» деп сұраған көрінеді. Анасы: «Зере әжең, сенің дүниеге келер күннің қарсаңында жүнді бояп, кепсін деп жайып қойған» деп жауап беріпті. Қарапайым адам өзі­нің туған күні түгіл, төрт бес жасқа дейінгі өмірін есінде сақтай алмайды. Мұндай сирек қабілет тек генийлерге ғана тән.
Кішкентай кезінен жеткіншекке тән емес сұңғылалық танытып, жұртты сәтті жауаптарымен талай тамсандырған бала Абайдың бұл қасиеттері неден қалып­тысты, кімнен жұқты? Менің ойымша, Абай – Жаратқанның ерекше махаббаты­мен, бөлек жоспарымен жаралған пенде.
Ілім қонған адамды «әулие» дейді. Адам­зат­тың ақыл-ойының жемісін кі­таптан оқу бір бөлек те, көкірек көзімен жаратылысты тану бір бөлек.
Абай – өзінің қысқа ғұмырында жара­ты­лыс құпиясын ашқан адам. Ұлы кемең­гер – Тәңірдің құдыретін, жаратылыстың сан қырлы құбылыстарын кітап беттерінен емес, тірі әлемнен түйсік арқылы аңдап, жан жанарымен көре білген кісі.
Пайғамбардан кейін әулиелер, оқы­мысты ғалымдар келеді делінген. Абай – қазақ үшін жіберілген әулие. Оның сезінгенін, түйсінгенін білу арқылы Алаш өз алдында жаңа кеңістік ашары сөзсіз. Сонда ғана бізде ғылыми жаңалықтар да ашылады, дүние қабылдауымыз өзгереді, дамуға жол бастайтын өмір сүру этика­мыз да кемелденер еді. Себебі біз бөлек-бөлек жүрген ағза емеспіз, біз Тәңірдің жаратқан үлкен матрицасымен үйлесімді жаралған тіршілік иелеріміз.

Шархан ҚАЗЫҒҰЛОВ, публицист:
– Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қазақ Абайды тыңдағанында, біз қазір басқа елдерден елу-алпыс жылға кейін қалмас па едік?! Абайды сол кезде түсінбеген қазақ қазір неге оны басына көтеріп отыр? Абай өз тамырынан үзіл­мей, әлемдік өркениетке ұмтылды. Ол қа­зақ ұлты пен әлемдік цивилизациядағы өз тепе-теңдігін сақтай білді. Ұлы пропор­ция­ға құрылған осы үйлесім Абайдың тұғырын ешқашан аласартпайды. Біздің әрқайсымызға қазір осы тепе-теңдік жет­пей тұр. Бұл гармонияға енді барлық қазақ ұмтылуы керек. Абай осыны арман­дап кетті. Ұлттық сананы қалыптастыру ар­қылы әлемдік мәдениетті игеруге ма­шық­тану ғана бірлігі күшті біртұтас ел құру­ға мүмкіндік беретінін айтып кеткен Абайдың ақылына жүгінсек, көштен қа­латындай қауіп жоқ .

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста