Мейрамбек Бесбаев: Ажырасқан ата-аналар құдайдың алдында жауап береді

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков, Жанар Айжановамен бірге өткен шақты еске алысты. Қоғамдағы ер мен әйелдің мәселесі, ажырасқан отбасылар жайлы ойын айтты. Қазіргі кездегі балаға ат қою мәселесі туралы сөз қозғады, деп жазады stan.kz.
Қазір ер мен әйелдің ажырасуы, өз күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер жайы өзекті. Бұған екі әншінің көзқарасы қалай?

&ldquoМенің әкем ешқашан анама қол көтеріп көрген емес. Анам 80 жастан асты. Әкем екеуі бақытты өмір кешті. Мен әйеліме қол көтеріп көрген емеспін. Жалпы әйелдерін ұратын еркектерді түсінбеймін. Қалай батылы барады? Әйел деген нәзік жаратылыс емес пе? Жақын күндері бір оқиға көрдім. Сценарий бойынша түсірілген. Ата-анасы ажырасып жатыр. Ортада бала отыр. Оның алдында сот төрешісі отыр. Баладан кіммен қалғысы келетінін сұрайды. Егер ауызша айта алмасаң, қағазға жаз дейді. Бала анасына қарайды. Сол күнге дейін қалай өсіргенін, еркелеткенін еске алады. Әкесіне қарайды. Арқаланып жүргенін, әкем бар деп өскен күндерін, үйреткен істерін еске алады. Отырып алып жылайды. Қағазға &ldquoекеуімен де қалам. Екеуі ажыраспасыншы&rdquo деп жазады. Бұл деген қазіргі трагедия. Не үшін бала зардап шегуі керек? Бала үшін ата-ана жауапты. Баланың болашағына ешкім алаңдамайтын болған&rdquo, &ndash деді ол.
&ldquoБұл үшін қалай болса да, ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Барлық ата-ана, ер болсын әйел болсын құдайдың алдында жауап береді&rdquo, &ndash деді Мейрамбек.

Жанар Айжанова қазіргі балалардың ата-әже мектебін көрмей өсіп жатқанын айтты. Одан бөлек, қаланың адамдары сүттің қайдан келетінін білмейді, &ndash дейді. Ал жастар арасында балаға заманауи, шетелше есім қою сәнге айналған.

&ldquoБірде бағдарама түсірілімінде жүрміз. Сиыр сауу кадры болды. Сонда бағдарламадағы қыздар өгізді сауайын деп жүр. Бұқадан да, сиырдан да сүт шыға береді деп ойлайды екен. Бір күні әнші жігіттермен кездестім. Қызылордадан шыққан екен. Тұрмағамбеттің ұрпағынан екенсіңдер ғой деп мақтадым. Сөйтсем кетерде менен &ldquoТұрмағамбеттің телефон нөмірін бересіз бе деп тұр. Сосын ашуланып Тараздан Сүйінбайдан сұраңдар. Бір болса, сол кісіде бар нөмірі деп жібердім&rdquo, &ndash деді Жанар ханым.
&ldquoБұл көріністің бәрі &ndash қазіргі қоғамның трагедиясы, күлетін емес, жылайтын жағдай&rdquo,- деді Мейрамбек. Жанар Айжанова не үшін өз балаларының есімін арабша не шетелше емес, қазақшалап қоймасқа деген пікір айтты.

Тоқтар Серіков 4 ұлының есімін қазақшалап қойғанын айтты.

&ldquoҚызымның есімін Кәусәр деп әжесі қойды. Ұлымның есімін Абулхайыр деп діндар ағамыз қойды. Біз енді келесі баламыздың есімін қоя жатармыз&rdquo, &ndash деді Мейрамбек.

stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста