Майдангер жазушының жаңа жинағы

14 ақпан күні сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әде­биет­шілер үйінде майдангер қаламгер Жекен Жұмахановтың 100 жыл­дығына орай, қаламгердің жаңа кітабының тұсаукесері мен еске алу кеші өтпек. Әдеби кешті талантты ақын Саят Қамшыгер жүргізеді. Кешке сон­дай-ақ Шәрбану Құмарова, Шәкен Күмісбайұлы, Зәкір Асабаев, Жарқын Шәкәрім сынды қаламгерлер қатысып, естелік әңгімелерімен бөліспек.
Жекен Жұмаханов 1913 жылы 5 жел­тоқ­санда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Се­мей­дегі педа­го­гикалық техникумды бітірген. 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік жур­налистер институ­ты­на түсіп, ай­рық­ша дипломмен бітірген. «Со­циа­листік Қазақстан» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») газетінің редак­ция­сында ұзақ жылдар меншікті тіл­ші, әдеби қызметкер, бөлім мең­герушісі болып қызмет атқар­ған.
Жекен Жұмаханов көптеген жа­зушылар сияқты әдебиет әлемін­дегі алғашқы қа­дам­дарын өлеңнен бастаған. Оның «Ақ би­дай» поэма­сының үзінділері 1939 жылы «Әде­биет майданы» журналында жа­рия­ланды. Соғыс жылдарында, одан кейінгі уа­қыттарда да барлық шығармашылық қабі­летін про­залық шығармалар жазуға жұм­сады. Ол Ұлы Отан соғысы жылда­рын­да әуелі Калинин, кейіннен 11-Прибалтика май­дандарында «Жауға қарсы аттан» га­зе­тінің тіл­шісі, ротаның саяси жетекшісі бо­лып қызмет атқарды. Әскер қата­рынан 1946 жылдың көктемінде босаған соң, қай­тадан журналис­ти­ка саласы мен әдеби өмірге ете­не араласты.
Жауынгер қаламгер Ж.Жұма­ханов Ке­ңес Одағының батырлары Ә.Молдағұло­ва­ны, М.Мәметованы, атақты мерген Ы.Сү­лейменовті, «Даңқ» орденінің үш дәре­же­сінің иегері Б. Рахметовті көзімен көріп, қа­зақтың осындай батыр ұл-қыз­дары жа­йында бірнеше очерктер жазған.
Негізінен шығармаларына май­дангер­лер ерлігін арқау еткен жа­зушы публицист Жекен Жұма­ханов Гогольдің «Рим» деген әң­гімесін, В.Орловтың «Батыл ой» атты жи­нағын, М.Садовянудың «Митра Ко­корь» повесін, Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қа­зақ­шалады. Жазу­шы­ның «Солдат жо­лы», «Жазылмаған кі­тап», «Үш бәй­терек», «Екі жол», «Соқпақ соңы», «Қаракөз қарындасым» кітап­тары оқыр­мандар мен әде­биетшілер тарапынан жақ­сы бағаланған.
Ұлттық әдебиетіміз бен өнері­міздің май­талмандары қатысатын шара бары­сында жазушының жуырда жарық көрген «Махаббат пен мансап» атты жаңа кіта­бының тұсауы кесілмек. Жинақта Жекен Жұ­махановтың бірқатар таңда­малы шы­ғармалары топтастырыл­ған. Қан майдан­дағы қазақ батыр­ларының тағдыры мен ерліктері жайында сыр шертетін жаңа жи­нақты кітап дүкендерінен және Қазақстан Жазушылар одағынан сатып алуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста