Әншінің ұлттық киімдегі суреті Германиядағы тұшпараны жарнамалауға пайдаланылған болатын. Ол бұған ренішін білдіріп, заңгермен бірге мәселенің жолын іздестіретінін хабарлаған еді.
«Адамдар тұшпараны мен шығарып жүр екен деп сатып алуда. Менің бұған еш қатысым жоқ. Бұл жағдайда заңгерге жүгінемін. Тұшпараның сапасы қандай екенінен де бейхабармын. Олардың адамдарды алдап жүрмегеніне кім кепіл?», – деген болатын Мадина.
Алайда, ойлана келе бұл жолы кешіруді жөн санапты.
«Қытайдан келсем тұшпара елде «хит» болып жатыр екен. Бүкіл интернет порталдар, газеттер мен журналдар, тіпті телеарнада жаңалықтардан көрсетіп жатқанын естідім. Жарайды, енді ұмыта салайық. Бірақ, заң бойынша ол дұрыс емес. Ең бастысы, сапасы дұрыс болса болды«,- деп əнші бұл мəселенің нүктесін қойды.