Мәдени мекемелер жаңа технологияға зәру

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ақпараттық ғасырға аяқ басқан адамзат күн өткен сайын электронды техникаға тәуелді бола бастады. Күнделікті тұрмысымыздың жеңілдегені сонша, бізге қажетті игіліктердің бәрі пультпен басқарылатын болды. Батыс пен мұхиттың арғы жағындағы мықты мемлекеттер әлдеқашан игеріп, меңгеріп алған түрлі технологияларға қазақтың қолы енді жете бастады. Үлкен мінбелерден қанша сендіріп айтса да, біз дәл осы салада бәлендей жетістіктерге жете қойдық деу әлі ерте. Әзірге еліміздің Үкіметі, банк секторы, байланыс жүйесі, кейбір өндіріс орындары мен басқа да экономикамызды алға сүйреуші көптеген тетіктер толығымен компьютерленген. Мұны мемлекеттің жасаған сәтті қадамдарының бірі деуге де болады. Бірақ бір қадам алға аттағаннан кейін екі қадам артқа шегінуге болмайды ғой.

Басқа — басқа, біздегі жоғары және орта білім беру және медицина саласы жаңа технологияларға жаппай көше алмай отыр. Мұны айтпағанның өзінде, еліміздің әдебиет пен мәдениет саласын, жалпы руханият әлемін зерттеп, дамыту үшін де заманауи құралдар ауадай қажет. Осылайша, жаңа заманның талаптарына сәйкес келмейтін, күнделікті дамып отырған уақыт ағымына ілесе алмайтын қаншама салалардың жұмысы ақсап жатыр?! Керек десеңіз, кеңселік жұмыста қолданылатын кейбір ісқағаздарды осы уақытқа дейін қорғасын әріпті машинкамен басатын мәдени мекемелер бізде әлі де бар.

Мұндай қарабайыр құралдарды Батыстың адамдары бүгінде мұражайлардан ғана көреді. Ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін зерттейтін институттарымыздың жағдайын жақсы деуге келмейді. Кітапханаларымыз да компьютер көмегімен көп шаруа тындыруға болатынын құнттамай жүрген сыңайлы. Ал көпшілігіміз мәдениеттен жұрдай деп мұрын шүйіре қарайтын америкалықтардың жанына азық ететін кітапханалары электронды кітапханаға айналғалы қашан?! Модернизациядан толық өтпеген біздегі үлкен кітапханалардың өзі оқырмандарына, негізінен, жәшік-жәшіктерге жіктелген қағаз картотека жүргізу тәсілімен қызмет көрсетеді. Қашан біреу келіп көреді екен деп мұражайлар да бейқам жатыр. Аудан орталықтары мен ауылдардағы клубтарда анда-санда әкімдердің жиналысы мен би кештері ғана өтеді. Мұндай мәдени-танымдық сипаты бар рухани ошақтардың насихаты мен жарнамасы жоқтың қасы. Көпшілігінің интернетте сайттары да жоқ, болған күннің өзінде жүйелі түрде қажетті материалдармен, ақпараттармен толықтырылмайды. Онсыз да қазаққа қатысты дүниелерге жұтаң ғаламторға кіріп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті, тарихы туралы дерек іздесең, керегіңді табу қиын. Себебі белгілі. Зиялы қауым күні-түні «жаһандануға жұтылып кетпес үшін рухани құндылықтарымызды сақтап әрі үнемі насихаттап отыру керек» дейтіні  — осындай олқылықтарымыздың орасан екендігінде. Сондықтан да ескі жүйеден арыла алмай отырған мәдени мекемелерді заманға қарай икемдеуді жеделдету қажет. Ол үшін жағдай да, ақша да жоқ емес. Бізде тек мәдениет саласының өзіне мәдениетті көзқарас жетіспейтін сияқты. Осы орайда бір әңгіме есіме түсіп отыр. Кеңес өкіметінің дүрілдеп тұрған тұсы болса керек. Елге сан мыңдаған тиражбен тарайтын сол кездегі беделді басылымдардың бірі «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакциясына белгілі композитор Әбілахат Еспаев ағамыз бас сұғады. Аты дардай редакцияның іші сәл жұпынылау болса керек, оның үстіне журналдан тиісті қаламақысын да дұрыстап ала алмаған ағамыз кетерінде: «Мәдениеттерің жақсы болғанымен, тұрмыстарың нашар екен», — деген екен. Бүгін бәрі керісінше, тұрмысымыз жақсарғанымен, мәдениетіміз лайықты деңгейде өркендемей тұр.

Республикамыздағы мәдени нысандардың компьютерлендірілуі өте баяу жүргізілгендіктен, қарапайым халықтың көп бөлігі ақпараттық оқшаулауда қалып отыр. Жаңа технологияларды игеру Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда қарқынды түрде дамып келе жатқанымен, өзге аймақ пен өңірлерде бұл үрдістің бой көрсетуі бәсең.

Дерек
Ресми дерек бойынша, елімізде екі ұлттық, үш республикалық, 14 облыстық, бір ғылыми, алты облыстық балалар мен жасөспірімдер, төрт облыстық балалар, жеті жасөспірімдер, 159 орталық аудандық, 35 орталық қалалық, 2782 ауылдық, 136 балалар, 20 арнайы мамандандырылған және жеті өздігінен жұмыс істейтін ауылдық кітапхана бар екен. Бұған барлық мектептер мен жоғары оқу орнындағы шағын кітапханаларды қосыңыз. Мұның өзі үлкен қор емес пе?! Алайда ұлттың интеллектуалды потенциалына қызмет ететін осындай мекемелердің басым көпшілігі жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетпейді.

Файл
Білім министрлігі таратқан кейбір деректерде білім беру ошақтарын компьютерлендіру, оның ішінде орта мектептердің интернет жүйесіне қосылу ісі бүгінде 96 пайызға жетті, сондай-ақ еліміздегі әрбір 21 оқушыға бір компьютерден келеді деп сендіруге тырысады. Ал шынайы жағдай мүлде бөлек екені айдан анық. Оның үстіне біздегі ақпараттық-коммуникациялық жүйені қалыптастыруға қажетті құрал-жабдықтар өзімізде кең көлемде өндірілмейді. Компьютер мен интернеттің қымбаттығы да елдегі ақпараттандыру кеңістігін біршама тарылтып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста