Таяуда Шығыс Қазақстан облысында көркемсөз оқудан белгілі жазушы Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі байқау өтті. Биыл 12-рет өткізіліп отырған әдеби кешке облыстағы қалалар мен аудандардан 16 үміткер қатысты.
Байқауға қатысушылар «Қара сөздің хас шебері», «Сахна шебері», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымдары бойынша сынға түсіп, шеберліктерін көрсетті. Шарт бойынша көркемсөз оқу шеберлері кез келген ақын-жазушының прозалық және драмалық шығармалары мен өлеңдерінен үзінді оқыды. Дегенмен негізгі басымдық Оралхан Бөкей шығармаларынан үзінді оқуға берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша бас бәйге семейлік Аяулы Амангелдинаға бұйырса, I орынды қатонқарағайлық Әділ Бердібеков жеңіп алды. Ал II орынға Ұлан ауданының үміткері Назымгүл Ахметова, III орынға күршімдік Назерке Қайролданова лайық деп танылды. Байқауды ұйымдастырған облыстық тілдерді дамыту басқармасы мамандарының айтуынша, ең басты мақсат – жазушының шығармасын насихаттап, қазақ тілінің қолдану аясын да кеңейту.
Көркемсөз шеберлері Оралхан Бөкей шығармаларын оқыды
Последние статьи автора