Көрерменді баурайтын қазақ кинолары қайда?

«Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Алты жасар Алпамыс» сынды фильмдер қазір қазақ көрермендері сағынып көрісетін, жылап қауышатын фильмдерге айналды. Бұлай дейтін себебіміз, бүгінде теледидардан атыс-шабыс, қантөгіс, кісі өлтіруді насихаттайтын кинолардан көз ашпай келеміз. Соның салдарынан жастарымыз безбүйрек, қанішер сынды теріс қасиеттерді бойларына сіңіріп, түрлі қылмыстарға барып жатыр.

Бұл жайлы талай айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен «Баяғы жартас – бір жартас» демекші, сол шетелдік кинолардың тасқыны әлі күнге дейін қазақ көрермендерінің санасын жаулап, ақылын улауда. Ал қазақ телевизиясы «сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» деп, тұрған орнынан тапжылар емес. Не істейміз? Кімді кінәлаймыз? Қазір көшеде кетіп бара жатқан кішкене баладан «болашақта кім боласың?» деп сұрасаң: «Онг Банг, Человек Паук боламын» деп былқ етпей бетіңе қарап тұрады. Ал әйел-қыздарымыз түрік сериалдарындағы Фелис, Ферхунде сынды әйел образдарына ұқсағысы келеді. Бұл – ненің жемісі? Расында да, Абылай, Қарасай, Қабанбай сынды болашақ батырларымыздан, Домалақ ана сияқты келешек аналарымыздан айырылып бара жатқанымыз ба? Жақында еліміздегі Дағдарыс орталықтарының одағы бір жақсы жобаны қолға алды. Жоба шарты бойынша, көрермендер теледидардан көрген арсыз бағдарлама не кинолар туралы одаққа қоңырау шалып, хабарлауы тиіс. Төменде осы одаққа алғашқы болып хабарласқан көрермендердің тізімін беріп отырмыз.

Айнұр, кәсіпкер:

– Шетелдің киноларын амалсыз көреміз. Себебі теледидардан қазақ тілінде бір жөнді бағдарлама таппайсың. Қазақша тек жаңалықтарды ғана тыңдаймыз. Ана тіліндегі бағдарламалар тым жеңілдеп кеткен, ешқандай мазмұн, мән жоқ. Анда-санда соңғы уақытта түсірілген қазақ тіліндегі киноларды беріп қояды. Олар да – сапасыз, тым жұпыны фильмдер. Баяғы сол екіқабат болып қалған қыз, жұмыссыз жүрген жігіт деген сияқты мазмұнда. Өте көңілсіз. Бұрын «Бандыны қуған Хамит», «Қыз Жібек» деген киноларды көруші едік, қазір олар да жоқ болып кетті. Ащы да болса айту керек, бүгінгі күні түріктің телесериалдарын көрермендеріміз жақсы қабылдап жатыр. Менің жолдастарым сериалдарын өткізіп алмас үшін ғана кейде жұмыстан үйлеріне ерте қайтады. Көрдіңіз бе, олар адамды қалай баурайды. Мен өзім де түріктің сериалдарын үзбей көріп тұрамын. Шынымды айтсам, балаларымның қандай кино көріп жүргенін білмеймін. Дискілерді көшеден сатып алып, өздері көріп отырады, әйтеуір. Олардың шуылдақ, айқай-шуға толы киноларында менің шаруам жоқ. Өздері аман болса болды.

Зүлфия Байсақова, Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрайымы:

– Мәселен, мен АҚШ-та болдым. Онда киноларды атыс-шабыс, анайы сюжеттерін кесіп тастап көрсетеді екен. Осындай тәсілдерді қолдану біз үшін де өте маңызды. Қазақстанда, әсіресе, кабельді телеарналар арқылы жастардың санасын былғайтын көптеген фильмдер беріліп жатады. Мұны одаққа түскен қоңыраулар да растайды. Ал еліміздің телеарналары не көрсетіп жатқанын әлі толық білмейміз.

Мәлімет

Алматы қалалық ішкі істер департаменті ақпанның 15-24 аралығында «Мектептердегі тәртіп» жедел-сауықтыру шарасын жүргізді. Шара барысында әртүрлі тәртіп бұзған 800-ден аса жеткіншек полиция бөлімшелеріне жеткізілген екен. Полицейлердің айтуынша, олардың ішінде 138 бала оқудан қашқаны үшін, әке-шешесінің қарауынсыз жүргені үшін – 151, әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін 467 бала жауапқа тартылған. Сондай-ақ осы күндері 162 жасөспірім, 97 берекесіз отбасы сауықтыру тізіміне алынып, 9 ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста