Көкірек көзімізді шел баспаса екен...

Көзі соқырдың көңілі соқыр деуге болмайды. Олардың мүмкіндігі шек­теу­лі деуге де ауыз бармайды. Жаратушы ең болмағанда екі көздің бірін ашық қылады. Бұл жерде көңіл көзін, көкірек көзін айтып отырмыз. Алтай­дың ақиығы Оралхан Бөкейдің «Жылымық» деген шығармасын оқыдыңыз ба? Сонда жазушы әңгімесінің соңында: «Көздің соқырлығы ештеңе емес, Аллам көңіл соқырлығынан сақтасын. Дүниедегі ең қорқы­ныш­тысы – осы», – деп түйін жасайды. Рухани азғындықтың басы осыдан басталады.
Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Жүректен шығар бір күн сыр бұ­ла­ғым» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Ке­ш­тің ерекшелігі сол, ол көзінен айырылған, бірақ көкірегі ашық оқырмандарға арналған екен. Бұл кешке «Нұр Отанның» жиналы­сынан да маңыздырақ қой» деп халық жазу­шысы, ақын Фариза Оңғарсы­нованың өзі келіпті. «Нұр Отан» партиясы­ның жина­лы­сына шақырып еді, бірақ сіз­дерге арнал­ған кеш болғандықтан, осында келдім. Сөз­деріммен, өлеңдеріммен көңіл­деріңізге кішкене болсын жылу берсем, соның өзі ма­ған бақыт қой», – деді ақын. Фариза Оңғар­сынова кеш барысында Мұқағали Мақа­таевпен байланысқан өмір сәттерінен сыр шертті. Ақынның демі үзілер шақта жүзін кө­ру­ге үлгермей, топырақ салу ғұрпы бұ­йыр­май қалғанын айтып, өкініш білдірді. Жалынды өлеңдерін оқып, зағип оқырман­дарды рухани бір серпілтіп таста­ды.
Осы кеште зағиптар сондай-ақ Брайль жазуы арқылы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен танысты. Арасындағы өнер­паз­дары ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиа­лының төрайымы Хазима Хамза кештің ұйым­дастырушыларына және де Ұлттық академиялық кітапханаға рақметін айтып жатыр. Себебі осындай кештерді өткізу үшін талай мекеменің табалдырығын тоз­дыр­са керек, алайда ешқайсысы мейірім танытып, мәселесін шешіп бермеген. «Ұлт­тық академиялық кітапханаға үлкен риза­шылығымызды білдіреміз. 2007 жылдан бері талай іс-шарамызды осында өткізіп келеміз. Бұған дейін Астанадағы бірде-бір үкіметтік және қалалық ұйым осындай кеш­терді ұйымдастыруға орын бермегенде, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы жағдайымызды шешіп берді», – деді Хази­ма Ержанқызы. Осындай жағдайда көкірек көзімізді шел баспаса екен дейміз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста