Кітап оқудан неге қашамыз?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кітап оқу рухани байлықтан нәр алып, дүниенің кілтін ашумен пара-пар. Күн сайын кітап оқып көкірек көзімізді ашсақ, біз де рухани бай халықтың қатарында боларымыз анық. Байронның, Бальзактың, Агутагаваның Отаны халықтың қаншама пайызы кітап оқитынын, қандай жанрдағы кітапқа құмар екеніне, сондай-ақ қаншама пайызы жылдап кітап бетін ашпайтыны туралы жиі сауалнама жүргізіп отырады екен. Біздің елімізде бұл мәселе көтерілмей келеді.
Орыс халқының 23 пайызы тұрақты түрде кітап оқыса, оның 9 пайызы ғана классикалық шығармаларды ұнатады екен. Ал 37 пайызы жылдап кітап бетін тіп­тен ашпайды. Ал аспан асты елінің зерттеуі бойынша кітап оқудан бірінші орында қытай­­лықтар тұрғанын дәлелдейді. Осын­дай деректерге қарағанда, кітап оқудың қаншалықты қажет екенін ұғынуға болады. Десек те, бізде кітап оқитын жастардың азайып кеткендігі шындық. Оны жастардың өздері ұялмай айтады. Тіпті оның не қажеті бар дейтіндер де табылады.
Артур МАҚАНОВ, студент:
–Мен кейде, оның өзінде жолға шық­сам, пойызда оқуға деп шытырман оқи­ғалы кітапты алып шығамын. Әйтпесе кітап­ханаға кітап оқу үшін бармаймын. Өзіміз­дің оқу орнындағы кітапханаға бас сұқ­сам сұғамын, ал қала ішіндегі кітапха­на­ларға барып көрген емеспін. Ата-анам кезінде басымызды кітаптан алмайтынбыз, кітап оқымайсың деп ұрсады. Мен түсінбеймін. Кітап оқудың не қажеті бар? Ата-аналарымыз оқыса, олардың кезінде интернет болған жоқ. Теледидардың өзі­нен көретін ештеңе болмады. Сондықтан уақыттарын кітап оқумен өткізген. Ал біздің заманымыз басқа ғой.

Міне, осылай кітап оқудың не қажеті бар, керектінің бәрін интернеттен табамыз дейтін жастардың барлығы қазіргі өзекті күйдіретін, толғандыратын үлкен мәселеге айналды. Себебі күнделікті өмірдегі жаңа­лықтар, ғылымдағы жетістіктер қай адам­нан болсын терең білімді және ақыл-ой өрісінің жан-жақтылығын талап етеді. Сондықтан да әрбір адам өзінің рухани дүниесін байытып отыруы керек. Ал рухани байлықты байытудың сан түрлі жолдары­ның бірі және бірегейі – кітап оқуға әуестену. Бірақ соңғы жылдары жастардың көркем әдебиет, мерзімді басылымдарды оқуға деген қызығушылығы азайып бара жатқаны рас. Оның себебі неде? Нарық заманы ма? Кітаптың қымбаттауы ма? Әлде ұғымына сай кітаптардың кездеспеуі ме? Не болмаса неше түрлі хабар, жаңалық беретін көріністі көз алдына әкеліп қоя салатын, ойландыра да, толғандыра да қоймайтын техникалық құралдардың көптігі кітап оқуға деген құмарлықты жо­йып жіберді ме?
«Жастардың кітап оқуы – қоғам дамуы­ның қайнар көзі» тақырыбымен Ақтөбе облысында өткен семинарда кітапханашы­лар осы сұрақтарға жауап іздеді. Олар жастар ортасында кітап оқудың статусы мен сұранысын жоғарылатуға қатысты сан-салалы зияткерлікті орталық ретінде қабылданатын кітапхана қызметін қалай оңтайландырамыз деген мәселені тал­қылады. Рухани-өнегелі қалыптастырудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік бейім­делу мен білім алудағы, оқып жүр­гендер мен студенттерді оқу мен ақпарат­тық мәдениетін дамытудағы кітапхананың алатын орны зор. Кітапханашылар жастар­дың кітап оқуға әуестенуін ояту мақсатында талмай жұмыс жасау қажет дейді.
Бахтылы ҚОШАБАЕВА, Ақтөбе қалалық кітапхана жүйесінің меңгерушісі:
– Біз «Менің мамандығым – кітапхана­шы» деген тақырыпта кеш өткіздік. Флешмоб ұйымдастырдық. Рэп, классика­лық музыка ырғағында кітаппен билеуден жарыс өткіздік. Мақсатымыз жастарды тар­ту болды. Біздің кітапхана жүйесі Ақтөбе қаласы маңындағы Қарғалы, Қурайлы, Сазды, Қызылжар, Ясный, Пригород сияқты селолық округ тұрғын­дарына қызмет көрсетеді. Кітапхана жүйесі 1977 жылы орталықтандырылды. Сол кездері кітап қоры жақсы толықты. Негізінен, біздің оқырмандарымыздың дені қарттар мен мектеп оқушыларынан тұрады. Қарт­тар үйреніп қалған дағды­лары бойынша кітап оқиды, ал мектеп оқушылары үй­лерін­де компьютерге тыйым салынған соң келдік деп айтады. Қазір кітапханаларда ин­тернет бар. Кітапханаға бас сұққан жастардың сұра­нысын жылдам орындауға тырысамыз. Интернет үшін ақы алмай қызықтырамыз. Кітапханаға бір келген баланың кітап оқуға әуестенуі үшін бар жағдайды жа­саймыз.

Айгүл ҚЫРЫМҚҰЛОВА, Сағи Жиенбаев атындағы кітапхана қызметкері:
– Қандай да кітапхана болсын, оның негізгі мақсаты оқырмандардың сұраныс­тарына сәйкес қорды жинақтау, оқыр­мандарды кітап оқуға тарту, сұра­ныстарын қанағаттандыру болып табы­лады. Кітап қорын жаңартып, заман тала­бына сай жаңа технологияларды енгізуге бар күш жұмсаймыз. Жастарды кітап оқуға тарту үшін түрлі шараларды ұйымдастыра­мыз. Кітап оқу – бұл мемлекеттік мәселе. Бүгінгі жедел ақпарат тасқынының таса­сын­да қалып бара жатқан «кітап әлемін» қайта жандандыру – кітапханашыларға жүктел­ген үлкен міндет. Сондықтан біз, кітапха­нашылар, кітап мәселесін көтерумен бірге, әлемдегі жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан әрбір оқиғаның насихатшы­сы екендігімізді өз ұстанымымызда сақтау­ға тырысамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста