"Ішкиіміне дейін көрсетіп жатады". Тамара Асар қыз жасауына қатысты ерсі қылықтарды сынға алды

"Ішкиіміне дейін көрсетіп жатады". Тамара Асар қыз жасауына қатысты ерсі қылықтарды сынға алды

Танымал әнші Тамара Асар қыз жасауына қатысты кейбір ерсі қылықтарды сынға алды. Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ең бірінші шошыған нәрсем - қыздардың артынан келген жүгінің шұлығына дейін, ішкиіміне дейін көрсетіп жатады ғой, соған жүрегім біртүрлі болды. Артынан үйреніп кеттім де, мән бермей кеттім. ...Қыздың жүгі бөлек қой. Уақ-түйек, майда-шүйдесін ет жақындарына көрсетсе. Қазақ өнерді бағалаған ғой. Сандық пен көрпені неге көрсеткен? Көз майын тамызып жасаған адамның өнерін көрсетейін деген ғой", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова да қыз жасауын ақтарып көрсететіндерді сынаған еді.

"Қазақтың тойларында қыздың артынан апаратын дүние-мүлікті халыққа ақтарып көрсетуін, қызға қанша қалыңмал әкелгенін көпшілікке жария етуін қазақтың салты дегенге сеніңкіремеймін. Осыдан 15-20 жыл бұрын әдемі қыздың қолынан ұстап, ұзату әнін айтып бастап едім. Бірақ дәл бүгінгідей әнші ұзату керек деген ұғым қалыптасып, салтымызға айналып кетеді деп ойламадым. Менде жаман ой болған жоқ. Жай ғана тойдың сәнін келтірсем деген ниет болды. Осы жағдай сияқты әдетке айналып кеткен-ау?" - деп жазған еді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста