Фариза ақын – туған жерінде

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылық сапармен туған жері Атырауға келді.

Туған жеріне келген ақынды облыс бас­шы­сы Бергей Рысқалиев қабылдап, өз елі­нің патриоты ретінде өлеңдерімен елі­­міз­ді әлемге танытқан Фариза Оңғарсынқызына жер­лестерінің атынан алғысын айтып, сый-сияпатын ұсынып, ақын апамызға ден­саулық пен шығармашылық табыс ті­леді. Ақын мен әкім кездескен шарадан соң, облыстық әкімдіктің үлкен залында өңір­дің зиялы қауымы, мемлекеттік қыз­мет, қоғамдық ұйым, мекеме басшылары, ең­бек, соғыс ардагерлері, шығармашылық ұжым өкілдері Фариза ақын мен оның шашбауын көтере келген ҚР Парламентінің ко­митет басшысы Қуаныш Сұлтанов, Мә­жіліс депутаты Ирак Елекеев, Қазақтың қыздар педагогикалық университетінің рек­торы Шәмша Беркімбаева, Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақты­ге­реева, Гумилев атындағы Еуразия ун­и­вер­ситетінің доценті, филология ғы­лы­мы­ның кандидаты, ақын Оңайгүл Тұржан, Қа­зақстан Республикасына еңбегі сіңген қыз­меткер, жазушы Рахымжан Отар­баев-тар­мен кездесті.
 Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Се­рік Аманғалиев облыс мәслихатының ше­шімімен және облыс әкімінің өкімімен Фа­риза Оңғарсыноваға «Атырау об­лы­сы­ның Құрметті азаматы» атағының бер­іл­ген­дігін хабарлап, ақынға медальді табыс етіп, облыс әкімінің жұртшылық атынан ақын апамызға автокөлік сыйға тартқанын ай­тып жеткізді.
Ақынын ардақтаған туған жердің ақын­ға деген ілтипаты ақынның шығар­ма­шылығына арналған арнайы көрме мен Ма­хам­бет атындағы қазақ драма теа­трын­да ақын шығармашылығына арналған театр­ландырылған көрініске ұласты.
Бірінен-бірі мағыналы өткен шараның соң­ғы күнінде Н.Жантөрин атындағы об­лыстық филармонияда рес­пу­бли­калық жас ақын қыздардың «Өлең, мен сені аялап өтем» атты жыр мүшәйрасы өт­ті. Оған аймақтардан он бір ақын қа­тысты.
Аталған мүшәйрада қызылордалық жас ақын 2007 жылғы халықаралық «Ша­быт» фестивалінің Гран-при иегері Назгүл Бер­діқожа бас жүлдені иеленсе, бірінші орын астаналық ақын қыз Нұргүл Оқа­ше­ваға берілді. Екінші, үшінші орындар аты­рау­лық Бақытгүл Бабаш пен Сыйлыгүл Нау­рызбекова және ақтөбелік Гүлжайнар Қалдиналарға бұйырды. Осылайша, Фа­ри­за ақынның туған жеріндегі аталып өт­кен шаралар өз мәресіне жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста