Есенбай ақын өмірден өтті

Қазақ поэзиясының боз ала таңы, ақын Есенбай Дүйсенбайұлы қайтыс болды. Марқұммен қоштасу 5 тамыз күні, сағат 11.00-де Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтеді.

Қазақ әдебиеті орны толмас ауыр қа­заға душар болды. 72 жасқа қараған ша­ғын­да көрнекті ақын Есенбай Дүй­сен­бай­ұлы дүниеден өтті. 1940 жылы 16 ма­мыр­да Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Қал­дайбек ауылында туған ол Қазақ мем­ле­кеттік университетінің филология фа­культетін бітірген. Еңбек жолын Жар­қа­мыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігінен бастаған. Темір және Бай­ғанин аудандық, Ақтөбе облыстық газет­те­рінде әдеби қызметкер, редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, аға тілші болды. Одан кейінгі жылдарда «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Өлке», «Раритет», «Бі­лім» баспаларында аға редактор, Қа­зақстан Даму институтының «Саясат» жур­на­лында директор-редактор қызметтерін абы­роймен атқарды. Өмірінің соңғы жыл­дарында «Жазушы» баспасында Бас ре­дакторлық қызметте болды. Есенбай ақын­ның тұңғыш жыр жинағы 1971 жылы «Бо­зала таң, Бозторғай» деген атпен жарық көрген. Содан бері 10-нан астам жыр жинағы мен таңдамалы жырларының екі томдығы жарыққа шықты. Есенбай Дүй­сенбайұлы аударма саласында да же­місті еңбек етті. Баспа саласының білгірі 100-ге жуық кітапты құрастырды. Оның ішінде, «Екі мың жылдық дала жыры», «Дала даналары», «Нар заман мен зар заман поэзиясы», «Жеті ғасыр жырлайды» жинақтары, қазақ ақын-жазушыларының ең таңдаулы жауһарлары сұрыпталған жүз томдық «Алтын қор» сериясының елу томы бар. Ұлы Абайдың 150 жылдығына орай өткізілген республикалық жазба ақын­дар мүшәйрасында Бас жүлдені ие­ленген жыр жампозы 1996 жылы Жамбыл атын­дағы Халықаралық сыйлыққа ие болды. 1990 жылы «Үшбұлақ» жыр кітабы үшін Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығы берілді. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы, ҚР Мә­де­ниет және ақпарат министрлігінің «Мә­де­ниет қайраткері» белгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапат­талған. Қазақ поэ­зиясына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қа­ламгер, көрнекті ақын Есенбай Дүйсен­байұлының жарқын бейнесі оқыр­ман­­дарының жүрегінде мәңгі сақ­талады.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста