«Еңлікгүл» иесін тапты

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Халықаралық театр күні қарсаңында еліміздің сахна қайраткерлері қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына өте бір жылы, шуақты, мерейлі мерекеге – дәстүрлі «Еңлікгүл» сыйлығының тапсырылу салтанатына жиналды.
Мінбеге бірінші болып көтерілген Қа­зақ­стан Театр қайраткерлері одағының төр­­ағасы Тұңғышбай Жаманқұлов күллі әріп­­­тестерін кәсіби мейрамдарымен құт­тық­­­тай отырып, осы шараны өткізуге де­меу­­­шілік жасаған «Қазмұнайгаз» ұлттық ком­­паниясына жүрекжарды алғысын жет­кіз­ді. Сондай-ақ төраға театр саласына бү­кіл өмірін арнаған, тіпті еңбектен әлі де қол үзбеген, өнерге шексіз берілген бір­қа­тар ардагерлерге Құрмет грамоталары мен гүл шоқтарын тапсырды. Олардың қатарында М.Байсеркенов, В.Крымская, О.Ли, Т.Сав­ченко, Қ.Абдырасулов, М.Бой­ченко, Л.Кә­де­нова, Б.Тезекбаев сынды сах­на ше­бер­лері бар.
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Еңлікгүл» байқауына еліміздің 50 театрынан 127 ұсыныс түсіпті. Құра­мында Театр академиясының профессор­ла­ры мен бірнеше өнертанушы мамандары болған комиссия үміткерлердің сынға салынған жұмыстарын талдап, таразылай келе, нағыз жүйріктерді анықтаған. Бас де­меуші «Қазмұнайгаздың» биыл ерекше жо­марттық танытуының нәтижесінде же­ңім­паздарға ұсынылар жүлде де қомақты бо­лып шықты. Яғни әр жеңімпаз арнайы ста­туэткамен қатар, 1 миллион теңге кө­ле­мін­дегі сыйақыны еншіледі.
Рахман Омар, Сергей Погосян сияқты бел­гілі актерлер жүргізген жылы шырайлы кеш «Жалын», «Тұран», «Жігіттер» тобы, «Сал­­танат» би ансамблі өнерпаздарының кон­церттік нөмірлерімен әрлене түсті. Бұл рет­те астаналық М.Горький атындағы Орыс дра­ма театрының әртістері ұсынған «Чи­каго» қойылымынан көрініс те көрер­мен кө­ңілінен шықты. 
«ЕҢЛІКГҮЛ - 2012» жеңімпаздары
1.«Жыл актері»Әбілқасым Шо­манұлы, Жезқазған облыстық Серәлі Қо­жамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-дра­ма театрының актері, Қ.Ахметовтің «Ау­ған қасіреті» спектакліндегі Маратхан рө­лі үшін;
2.«Жыл актрисасы»Дәрия Жүсіп, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­­демиялық драма театрының актрисасы – «Тен­дерге түскен келіншек» спектакліндегі Са­­ғила рөлі үшін; 
3.«Жыл режиссері»Жанат Хаджиев, Ғ.Мү­сірепов атындағы Қазақ академиялық ба­­лалар мен жасөспірімдер театрының ре­жис­сері – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы үшін;
4.«Жыл суретшісі»Тоғайбек Бай­дар­беков, Жетісайдағы Қ.Жандарбеков атын­­дағы Қазақ музыкалық-драма теа­тры­­ның суретшісі;
5.«Қуыршақ театрының жыл өнер­пазы»Ұлбосын Момынжанова, Мем­ле­кеттік қуыр­шақ театрының актрисасы;
6.«Жылдың опералық, балеттік пар­тия­сы»Жандарбай Ерлан – Оңтүстік Қа­за­қ­­­стан облыстық опера және балет теа­тры­ның солисі; 
7.«Театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» Кеңес Жұмабеков, Қарағанды об­лыс­тық С.Сей­фуллин атындағы Қазақ дра­ма теа­тры­ның актері;
1.«Жылдың жарық берушісі» Алексей Шаль­нев – Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық С.Мұ­қанов атындағы музы­калық-драма теа­трының жарық берушісі;
2.«Жылдың музыкалық көр­кем­деушісі» Елена Мищенко, Шы­ғыс Қа­зақ­­стан об­лыс­тық Жамбыл атындағы дра­ма театры;
3.«Жылдың театр менеджері»Алек­­­­сандра Кустовская, Астаналық М.Горь­­кий атын­дағы орыс драма театрының ме­нед­же­рі;
4.«Жылдың театртанушылық ма­қа­­ласы»Мәншүк Тәшімова, М.Әуе­зов атын­­дағы Әдебиет және өнер институ­ты­ның кі­ші ғылыми қызметкері;
5.«Жыл драматургі» Болат Бек­жан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста