Эляның «Трубадурын» тамашалайтын боламыз

Қазақстан мен Ресейдің кино саласының мамандары бірлесіп, тағы бір туындыны өмірге әкелді. «Трубадур» атты қысқаметражды лирикалық комедия желтоқсанның 23-інде қазақстандық прокатқа шығады. Картина бір кездері мәңгілік алма бағындай болған Алматыға деген ностальгияға жетелей отырып, өмірге құлшынысты дәріптейді. Gilman Production түсірген жаңа фильмге GSM Казахстан/Kcell компаниясы ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.
Өмірге ғашық Төлеш музыкаға, әсем табиғатқа, жаратылыстағы барлық әдемілікке құмар. Алматының түбіндегі телефон байланысы да, радиожиілігі де нашар ауылда тұратын ол сондай тәуекелшіл. Ақкөңіл кейіпкер өзі теледидардан көрген мәскеулік ди-джейді пір тұтып, содан қолтаңба алу үшін Ресей астанасына жол тартады. Бірақ бірді бір танымайтын мегаполисте кішкентай ғана кейіпкерге белгілі музыкантты табу оңайға соқпайды. Көрермен осы сәтте өзге жерге тап болған ауыл адамының сезімін онымен бірге бастан кешеді. Алайда романтик қазақ ақ ниеті үшін бірнеше рет таяқ та жейді. Дегенмен түбінде бәрібір арманына жетеді. «Өмірде мақсатқа ұмтылып жүргенде, дөрекі жауап еститін сәттеріміз көп. Бірақ мұндай жайт біздің құлшынысымызға кедергі келтірмеуі тиіс. Киноның әуелгі идеясына актердің басынан кешкен шындықтары және өмірде мен куә болған кейбір сәттер қосылды. Бұл картина өзге елде жүрген біздің ел азаматтарының сезімі дей аламын», – дейді режиссер әрі сценарийдің авторы Эля Гильман. Осындай шынайы эмоциялық сәттері көп бол­ған­дықтан, киноны таза комедия деуге келіңкіремейді. Режиссер мұны «лирикалық оқиға» деп атағанды дұрыс санайды. Басты рөлде «Шиза», «Бақсы», «Қызғалдақ» фильмдері арқылы таныс Төлепберген Байсақалов ойнайды. Бұдан бөлек Кәдірбек Демесінов, Дәулет Әбдіғапаров, Тұрахан Сыдықова, Владимир Толоконников, Нұрлан Қоянбаев сияқты қазақстандық әртістер мен Алексей Кортнев, Нонна Гришаева, Камиль Ларин, Бибігүл Сүйіншәлина сияқты ресейлік жұлдыздарды көруге болады. С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кине­ма­тография институтының түлегі Эля Гильманның бұл туындысынан ғажайып жеміс – алманың отаны болған бір кездегі әсем Алматыға деген құрметті түсінесіз. Фильм шетелдіктерге қазақ елін ақ ұлпа гүлі жайнаған алма ағаштарының, тұнық табиғаттың мекені ре­тінде таныстырады.


Эля ГИЛЬМАН, сценарий авторы әрі режиссер:
– Бала кезімде Алматы тұтас бір гүлденген бақ еді. Көктемде мұнда апорттың жұпары аңқитын, өкінішке қарай, кейінгі кездері апортты туристердің өзі әрең та­батын болды. Сонымен бірге қазір ағаштарды отау да басты мәселеге айналды. Бұл жайт мені қатты толғандырады, соның ішінде Ал­матының ағашын кесу дұрыс емес қой. Менің шетелдегі достарым «қалаларыңнан көлік түтінінің иісі шығады» дейді, мұны есту мен үшін өте ауыр. Алматыдан бақтың иісі шыққанын қалаймын.
Қысқаметражды кино жуырда Мәс­кеуде ВГИК студенттерінің фес­ти­валі кезінде көрермендерге ұсынылған. Картинаны фестивальге кездейсоқ келген Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин де тамашалапты. Бас кейіпкердің ресейлік ди-джейден таяқ жеген тұ­сына көңілі толмағанмен, Путин бұл кинодан жақсы әсер ал­ғанын айтқан. Ал қазақстандық көрермен «Трубадурды» елі­міз­дің ең үздік кинотеатрларынан желтоқсанның 23-інен бастап көріп, жаңа фильмге қатысты өз пікірлерін білдіре ала­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста