Дидар Амантай шығармашылығы – дөңгелек үстел тақырыбы

Алдағы жұма Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жазушы,  «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Тарлан-Үміт» сыйлығының сахибы Дидар Амантайдың қаламгерлігі мен бірнеше жаңа жинақтары турасында үлкен басқосу өткелі жатыр.  Мұхтар Әуезов қоры ұйымдастырып отырған бұл жиынға Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов, Әлмира Наурызбаева, Әлия Бөпежанова сынды қазақтың бүгінде көзі тірі классиктері қатыспақ.

Басқосу себебі түсінікті болуы үшін, әңгімеміздің әлқиссасын сәл әріден бас­тасақ. 2011-2012 жылдары Париж, Ан­кара және Ұлан-Батор қалаларында қа­зақтың белгілі жазушысы, қара сөздің шебері, кинодраматург Дидар Амантай­дың кезінде Алматыда жарық көрген «Қар­қаралы басында» атты проза кітабы­ның француз, түрік және моңғол тілдеріне аударылған тәржіме нұсқалары басылып шықты.
Парижде шыққан кітапқа «Гүлдер мен кітаптар» романы енді, алғысөзін біртуар ақын, заңғар ойшыл Олжас Сүлейменов жазды. Жалпы, бұл кітаптың Парижде жа­рық көруіне Олжас Сүлейменов зор қам­қорлық жасады. Қазақ тілінен француз­шаға тәржімелеген – Айтқали Бақытов, ал редакторлық жұмысты атқарған – Фран­ция азаматы. Кейін бұл аударма кітап жөнінде мәдениеттанушы Альбер Фишлер сыни мақала жазып, ой-пікірін білдірді.
Кітаптың түрікше нұсқасы «Гүлдер мен кітаптар» романы мен «Төлеутай ақсақал­дың немересі» әңгімесінен құрастырылды, аудармашысы – белгілі шоқайтанушы, қаламгер Әбдіуақап Қара.
Моңғолша тәржімесіне «Гүлдер мен кітаптар» романымен қатар бірнеше әңгі­мелер топтастырылды, тәржімелегендер – Жазгүл Жұмабай мен Нәпіл Базылхан. 
Жазушы Дидар Амантайдың бұл «Қар­қаралы басында» атты кітабы – бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы. Автор алдағы жылдары шығармаларын бір-бір томнан шығарып тұруды өзіне мақсат тұтып отыр.
Үрімші қаласында орналасқан ҚХР Шың­жаң өлкелік баспасы Дидар Аман­тайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы, «Мен сізді сағынып жүрмін» повесі және отыз жеті әңгімесін бір кітапқа топтастырып, баспадан шығаруды жоспарлап та қойды.
Бүгінгі күні елге белгілі аудармашы Қайша Тәбәрікқызы Дидар шығармала­рын қытай тіліне аудара бастады. Алғашқы үш әңгімесі Қытайдың («Tian Ya») «Қиян» атты әдеби жорналына шығып та үлгерді.
2010 жылы оқырман назарларына ұсынылған «Қарқаралы басында» атты кітаптың қазіргі таңда орыс, испан, неміс, араб, ағылшын, парсы және кәріс тілдеріне тәржімәланып жатқанын айта кеткен жөн.
Проза, кинематография және көсемсөз жанрын қатар ұстанған Дидар Амантайдың бұл үш кітабы, бір тараптан, қаламгердің қазақ әдебиетінің мәртебесін асыру, шетел оқырмандарына таныту жолындағы және сонымен қатар, қазақ оқырман қауымы алдындағы есебі тәрізді екені рас. Әлем әдебиетіндегі соңырқалап келе жатқан жаңа ағымдар, ізденістер, бағыт-бағдар, жалпы, роман-әңгімелердің тағдыр-та­ла­йы, түрлі ұлт прозасындағы қалыптасқан машық, кезеңдік жазу мәнерлері мен сюжеттік желі, тәсіл бәрі-бәрі 25 қаңтар күн­гі баспасөз мәслихатының тақырыбы болары сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста