Бұқарбай батырдың ескерткіші ашылды

Бұқарбай батырдың ескерткіші ашылды

Қызылорда қаласының қақ ортасынан қазақтың азаттығын аңсаған ержүрек баһадүр бабамыз Бұқарбай батырға арналған еңселі ескерт­кіш бой көтерді. Тәуелсіздік жолында қолына қару алып, қас дұшпанға тойтарыс берген Кенесары ханның бас сардарының тас мүсіні облыс орталығындағы көрікті орынның бірі болды.
Үстіміздегі жылы батыр бабамыздың өмірге келгеніне 200 жыл толуына орай осындай игілікті шара жүзеге асты. Ескерт­кіш елдің көзіне бірден түседі. Тас тұғы­рымен қоса есептегенде 10 метрге жуық. Ескерткіш қолдан құйылған. Онда батыр бабаның ат үстінде жауға қарсы қол бас­таған сәті бейнеленген.
Сыр топырағында дүниеге келіп, қа­лың қазақтың қамы үшін аттан салған ар­дақты тұлғаның 200 жылдығын қызыл­ор­далық жұрт өз деңгейінде атап өтті. Жала­ғаш ауданындағы сол кісінің атымен ата­ла­тын елді мекенде ат бәйгесі өткізілсе, аудан орталығында еліміздің бірқатар өңір­лерінен келген айтыскерлер сөз мар­жанын халыққа ұсынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста