«Бұлбұл сөздің генералы»

 «Бозторғай шырылдайсың-ей, жерге түспей, мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей» деп алғаш 11 жасында-ақ қозы бағып жүріп, кеудесін кернеген тұрмыстың ащы зарын әнге қосқан, кейін өсе келе бойжеткен қыздарға деген бозбала сырын Көкшолағымен бөліскен, сөйте-сөйте сонау Сүйінбайдан бері келе жатқан Жетісу жерінде ақындық өнерді бүгінгі күнге жеткізген жыр алыбына айналған ақын, сазгер, сал-серілердің соңғы тұяғы Кенен Әзірбаевтың биыл – 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай, жыл бойына еліміздің әр аймағында ақындар айтысынан бастап, ән байқауы ұйымдастырылып, Кенен атаның жыр жинағы шығарылса, күні кеше соның барлығының қорытындысы ретінде Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен үлкен кеш болып өтті.

Беташар сөзді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин түйіндеп бергеннен кейін, кезінде Кенен Әзірбаевтың көзін көріп, ешқашан жиылмаған дастарқанынан дәм татқан, сол кезде бала, бүгінде қазаққа аға болып үлгерген ақын-жазушылар, ғалымдар бірінен кейін бірі сахнаға шығып, жылы естеліктерін ортаға салды.

Шериаздан Елеукенов, әдебиетші, ғалым:

– Кенекеңмен өмірімде екі-үш рет жүздесу бақытына ие болғаным бар. Арнайы қолын алуға барған бір сәтімде, ол кісі өз қолымен «Шекен балама! Осы кітабым саған ескерткіш, қарағым. Кенен. 7 маусым, 1974 жыл» деп автограф жазып, жыр жинағын ұсынған еді. Кенекеңнің саусағының ізі қалған осы кітап – өмірімдегі ең қымбат сыйлықтардың бірі. Сондықтан оны үнемі парақтап, оқып отырамын. Оқыған сайын жырларының қай заманда да өзектілігін жоймайтын өміршеңдігіне таңғаламын. 

Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы «бұлбұл сөздің генералы» атаған Кенен Әзірбаевтың өнерде үш, қызмет пен саясатта бір ұстазы болған екен. Біріншісі – бала жастан өлеңге баулыған Сарбас ақын, екіншісі – жігіт шағында жолыққан ақын, сазгер Балуан Шолақ, үшіншісі – жыр алыбы Жамбыл Жабаев. Кенен Әзірбаев өзінің өнердегі ұстаздарын қолынан келгенше көтеруге, халық арасында ұмытылып қалмауына барынша қызмет еткен екен. Соның бір ғана мысалы, 1952 жылы Борис Ерзаковичке Кенен Әзірбаевтың 40 әнін нотаға түсіріп алу тапсырылады. Жанында 15 күн бойы әндерін жазып жатқан Ерзаковичке Кенекең бір күні «менің әндерімді жаза жатарсың, одан да сен ел ұмытуға айналған Балуан Шолақтың әндерін жазып алшы», – дейді. Оған дейін өнер әлемінде үш-төрт-ақ әні белгілі болып келген Балуан Шолақтың сол жолы Кенен Әзірбаев 14 әнін нотаға түсіртіпті.  

ХХ ғасырдың 20 жылдары Жұбаныш Дәрібаев пен Ораз Жандосов Жетісу ақындарын жинап, партия саясатын насихат етеді. Оған бір себептермен Жамбыл шақырылмай қалса керек. Сырттан естіген Жәкең ашуына мініп жетеді де, келе сала екі басшыны сыбап, өлең шығарып жібереді. «Ой, енді осыдан бір жанжал шығады-ау» деп жұрт тықырши жөнеледі. Бірақ керісінше, осы сәт Ораз Жандосов «Жәке, бізден бір қателік кеткен екен, кешіріңіз, бір жолға ашуыңызды қиыңыз» деп кішілік танытқан екен. Оның осынысын үлкен кісілікке балаған Кенен Әзірбаев өмір бойы басшы атаулыдан Ораз Жандосовты үлгі қылып өткен екен. 1937 жылы Ораз Жандосов «халық жауы» деген жаламен ұсталғаннан кейін оған дейін қазақ өнерінің дүлдүлі болып келген Кенен Әзірбаев бір-ақ күнде жау болып шыға келеді. Күн сайын таяқ жеп, сұраудың астына алынған ақынды, бұл азаптан сол кездегі Жазушылар Одағының басшысы Мұхамеджан Қаратаев құтқарған екен.

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

– Алғаш 11 жасында бозторғай жырымен ақындық ауылына аяқ басқан қайран Кенекем содан соңғы әні «Халалауын» 92-ден 93 жасқа аяқ басқанда, бақи дүниеге аттанар шағында шығарыпты. 82 жыл қазақ өнеріне қалтқысыз қызмет еткен Кенен атамыздың 60-тан асса да дауысы даланың астаң-кестеңін шығаратын борандай болған. Біздер ол кісінің соғыстан кейінгі кездерде сол даусымен шырқаған «Бозторғайы» мен «Көкшолағын» патефоннан тыңдап өстік. Ал қазіргі тыңдап жүргеніміздің бәрі Мырзатай Жолдасбеков жазып алған атамыздың 85 жасындағы  дауысы. «Ол күнгі үнім-ай» деп өзі күрсіне еске алатын дауысын біз дер кезінде жазып алмағанымыз үшін тарихтың алдында жазықтымыз. Біз үшін, ел үшін, тарих пен бүгін үшін ең керегі сол дауыс еді, амал не сол үнді сақтай алмаған өзімізге өкпелегенімен, ендігіде не пайда?

Рас, өкініштісі, бір Кенен атамыз ғана емес, бұлбұл үнді талай әншілеріміздің даусы мен талай күйшілеріміздің күмбірлей шерткен күйін сақтай алмай, талай саф алтыннан айырылған жайымыз бар. Бірақ әйтеуір бүгінде Кенен әндерін білмейтін, естімеген адам жоқ. Осы кеште де «Бозторғайы», «Бұлбұлы», «Көкшолағы», «Халалауы», т.б. көптеген әндері Саят Медеуов, Қарлығаш Қожағазина, «Тараз» триосы сынды әншілердің орындауында әкемтеатр сахнасында әуеледі. Аталған кешке Кенен атамыздың өз кіндігінен өрбіген 14 перзентінен тараған ұрпақтары түгел қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста