Босбелбеу бозбала мен бізөкшелі бойжеткен сырына оның кім жеткен?

trinixy.ru фото

Байқасаңыз, бүгінде көшеде шалбарының белі бөксесінен төмен түсіп тұратыны соншалық, ішкимінің жартысы көрініп тұратын жап-жас жігіттер көп. Солай жүру сәнді дейді олар. Бірақ сырт көзге сән түгі жоқ, бел бөкседе тұрған соң шалбар сырғи-сырғи кейде тіпті ауы тірсектің тұсына бір-ақ жеткенін көріп «қап, мына бұтындағысы қазір жұрт алдында шешіліп кетпесе жарар еді» деп уайымдап біз отырамыз. Тап осындай сән қайдан келді, ең құрыса соның мәнісін біліп жатқан жігіттеріміз бар ма? Білмей, жай ғана еліктеп жатса бір сәрі, ақылы кірер, сосын қояр, ал егер біле тұра солай жүрсе ше? Онда сұмдық! «Алаш айнасы» тілшісі қоғамда белең алып бара жатқан осы бір жайсыз көріністің астарына үңіліп көрген еді.
Құштарлық қаншалық қатты, ышқыр сонша төмен...
Неге? Себебін мен сізге айтайын, бекем отырыңыз. Жә, бірден айтып, жүрегіңізді жарып алмайын, бәлкім, ондай «жүгірмек» сіздің үйде де жүрген болар... Алдымен, осы бір сәннің қайдан бастау алғанынан бастасам.
Шалбардың белін дәл осылай пәс кию үрдісі ең алғаш Америка түрмелерінен шықса керек. Себебі онда тұтқындарға белбеу тағуға тыйым салынады. Десе де тұтқын екеш тұтқындардың бәрі бірдей олай жүрмейді екен, тек «еркек құшағына дайынмын» деген қызтекелері... Яғни, ол ойын ашық білдіретіндей тұтқындардың сөзі тыңдалады, тіпті былайғы уақытта әр қадам, әр сөздері аңдуда. Олай болса, әлгіндей қызтекелер өзінің қалауын қандай белгі арқылы білдіреді? Міне осы ретте белбеуді осылай барынша бос, барынша пәс түсіру арқылы ол өз ойы, өз қалауын паш етеді. Және қалауы қаншалық қатты болған сайын, шалбар да сонша түсіп, тіпті шешілуге шақ тұрады. Міне, сізге ақиқат керек болса. Ал біздің жігіттер оны іліп алып, сәнге айналдырды да жіберді... Мән-мағынасын білмей кисе де мейлі ғой, ал біле тұра киіп жүрсе ше? Ұлыңыз немесе ініңіз үйден шыққанда үсті басына мән беріңізші... Егер өзі еліктеп жүрген болса, ескерте салғаныңыз артықтық етпес... Есті болса, есін жиып, белбеуін тағар.
Диқандар бастап, жезөкше қоштаған...
Ал енді қанша ғасырлар бойы қыз-келіншектер арасында жаппай сәнге еніп кеткен бізөкше кию тарихы қайдан шықты? Сіз осы жайлы бір сәт болса да ойланып көрдіңіз бе?
Бізөкше тарихы біздің дәуірімізге дейін 4000 жыл бұрын Египетте пайда болыпты. Және алғашында оны кімдер киді дейсіз ғой? Күлкіңіз келеді. Диқандар! Себебі жер өңдейтін оларға жерден аяғын биік көтеріп жүру керек еді. Сондай мұқтаждықтан егіншілер оны папирустан жасап алады екен. Бұл да ештеңе емес, себебі биік өкшені алғаш диқандар тапқанымен, оны елге етене жайған жезөкшелер болса керек. Жоғарыда айтқанымыздай ышқырын төмен түсіріп кию қызтекелердің бір-біріне белгісі десек, бізөкшені де жүрісі суық ханымдар белгі, ерекшелік ретінде қолданған. Онда да жай соны кию арқылы емес, етікшіге барып өкшелеріне арнайы «соңымнан ер» деген жазуды жезден соқтырып, өкшесіне қақтырып алады екен. Жезөкше деген атау осыдан қалыпты. А әлгі жазуды көрген ер кіндікті қиядан көзі қызыл түлкіні шалған бүркіттей екі көзі шоқтай жанып, ере жөнеледі екен.
Өкше емес, босбелбеу бөкседен қорқу керек
Бұл сәннің бірді-екілі ғана тарихы. Өкше кию тұрмысымызға еніп кеткені соншалық, ол көзге оғаш көрінбейтін болғалы қашан. Алайда, белі бос, шалбары пәс жігіттер көбейген сайын уайым қалыңдай түседі екен. Неге? Себеп бүгінде нағыз ерлікті, жә жауға атойлап шаппай-ақ қойсын, қарапайым ғана шаңырағын шайқалтпай ұстайтын азамат табу жылдан жылға қиындап бара жатқаны өтірік емес. «Жеті қызға бір жігіт» деген статистиканы тудырып жатқан Жаратқан емес, біз өзіміз секілді. Үйлену жасына жетіп тұрған жігіттердің жартысына жуығы қызтеке... Және бұл жай айтыла салған әңгіме емес, көп жұрт білетін, бірақ атын атап айта бермейтін, іштен тынып қана жүрген дерт. Әсіресе, гламурный жігіттерден қорқу керек. Босбелбеу, сырға таққан, тәні таңбадан көрінбейтіні тағы бар... Мұның бәрі белгі...
P.S: Жалпы қазақта босбелбеу деген сөз барын білеміз. Ауыспалы мағынада ол енжар, қуыс кеуде, ештеңені ойламай жүре беретін бозбалаға қатысты айтылады. Енді қарап тұрсақ, дана халқымыз соны тура мағынасында да қалай тауып айтқан деп таң қалуға болатындай. Бір заманда белбеусіз жүретін осындай бір ұрпақтың шығарын қанша заман бұрын көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп айтқан да қойған...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста