Бөгдеғаламшарлықтардың шынымен де қатысы жоқ

«Бөгдеғаламшарлықтардың қатысы жоқ» фильмі прокатқа шықты. Фархат Шәріповтің Жаңа жыл мерекесіне арналған комедиясы шынайылығымен, шытырманға толы сценарийінің ерекше көркемдік шешімімен тартымды. Демек, табысты да болайын деп тұр.
Кино сіз бен біз немесе достарымыз жай­лы. Арчи (Максим Ақбаров) – қыздар қызығатындай сән-салтанатты ғұмыр ке­шуді армандайтын жігіт, Тима (Нұрбек Кә­менов) – романтик, Валера (Джасур Ту­ра­ев) – достарына еретіні болмаса, артық қыл­тың-сылтыңы жоқ қарапайым жас отағасы. Уәлихан (Ержан Түсіпов) тоқал алуды ойлайтын бизнесмен болса, Аида (Арай Рамазанова) – махаббатты да, бай­лықты да бірдей қалайтын бойжеткен. Бұдан басқа, «гопниктер» (Талғат Еле­ме­сов, Назар Шархан), таксист әрі математик (Фархад Әбдірайымов), шал (Ерболат Тоғызақов және басқалар бар. Картинада бес түрлі қызықты оқиға суреттеледі, күн­делікті өміріміздің ащы шындықтары мен күлкілі жайттарынан тұратын оқиға желісі көрерменді енді не болады деп ынтық­тырып отырады. Шәрі­пов­­тің кино­сына тән басты артықшылық – күтпеген ұтым­ды ше­шім. Бұл жолы да солай. Шы­тыр­ман оқи­ғаның көркемдік шешіміне дейін бөгде­ғаламшарлықтардың мәселеге, шынымен де, еш қатысы жоқ еке­нін көре­міз. Тағы да сценаристердің шеберлігі тәнті етеді. Ал оны жазғандар – Фархат Шәріпов, Тал­ғат Елемесов пен марқұм Ерлан Жұма­беков.
Фархат Шәріпов, режиссер:
– Картина алғашқыда «12.12.12» деп аталмақ болған еді. Бірақ бөгде­ға­лам­­шарлықтар туралы атауға тоқтадық. Бұл өзіндік пиар амал болды. Көпшілік «сонда бұл жерге бөгдеғалам­шар­лықтардың қатысы қанша?» деп сұрап жатады, біз айтамыз: «Бөгде­ғалам­шарлықтардың қа­тысы жоқ»! Түсірілімге қатысқан актер­лердің бәріне шын жүрегіммен алғысымды білдіріп, олар­дың бәрін сүйетінімді айтқым келеді. Көрермендерге келсек, біз фильмді қарауға жас ерекшелігіне қарай шектеу қоямыз. Кино кейіпкерлерінің кейбір жа­ғым­сыз әдеттерін насихаттағымыз кел­мейді. Жастар арақ, есірткі деген нәрсе­лерден жерінуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста