Түркістан облысының Мақтарал ауданында елдегі төтенше жағдай режимін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін мемлекет басшысының бұйрығымен 16 наурыз мен 15 сәуір аралығында елімізде отбасылық мерекелерді қоса алғанда, қандай да бір іс- шаралар мен салтанаттарды өткізуге тыйым салынған болатын.
Осыған байланысты Мақтарал ауданының полицейлері төтенше жағдай режимін бұзушыны анықтады.
Рейд барысында Мақтарал ауданы Жаңаақыл ауылдық округінің ауылдарының бірінде жергілікті тұрғыны туысқандарын жинап, беташар рәсімін өткізгені белгілі болды.
Той иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.