Шортанды-Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» балалар оқу-сауықтыру орталығы халықаралық мәртебеге ие болады. Орталықта өткен көшпелі мәжіліс кезінде бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қазір Ұлыбритания, Германия, Қытай, Моңғолия және Ресейден келген балалар демалып жатыр. Сондықтан биылғы демалыс маусымы «Достықтың алтын көпірі» деп аталып отыр.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл еліміз бойынша жазғы демалыс шараларының барлық түрімен 1-10 сынып аралығындағы 1,1 млн оқушы қамтылды. Қала сыртында 5406 мектепалды және тамақтандыратын, 961 профильдік, 74 санаторий типтес, 330 дебаттық, 930 спорттық және палаталық лагерь құрылды. Ел бойынша сәулеттендіру, жөндеу, отбасылық-жалдау, оқу-өндірістік жазғы еңбек бригадалары, мектеп орман шаруашылықтары сияқты 12,5 мың мектеп бригасы құрылды. Министр «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен танысып, Ресейдегі атақты «Орленок», Украинада «Зубренок», Болгариядағы «Камчия» лагерьлері тәрізді, Қазақстанның «Балдәурен» лагерінің де халықаралық деңгейде танылып, жан-жақты дамуына сенім білдірді. Сонымен қатар Бақытжан Жұмағұлов «Балдәуренде» ашылған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттар мәдениеті республикалық фестивалінің жас қатысушыларымен кездесті.
«Балдәурен» халықаралық деңгейдегі балалар лагерьлері қатарына қосылмақ
Последние статьи автора