Балалар – «Ән қанатында»

Балалар – «Ән қанатында»

Таяуда «Адал азамат» қоғамдық қоры, «Арнай» студиясы және Zen Media Production продюсерлік орталығы бірлесіп, балаларға арналған «Ән қанатында» атты  байқау өткізетіндіктері жайлы жариялады. Байқауға еліміздегі барлық мектептерден өтініш білдірген балалар қатыса алады.

Қазақ әндерін көпшілікке тарату және балалар шығармашылығының дамуына ықпал ету, мектепте рухани және патриоттық  құндылықтарды қалыптастыру, оқушыларды тарихи және мәдени салт-дәстүрлерді сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау жалпы білім беру мектептерінде 6-18 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізілмек. Қатысушылар төмендегідей номинациялар бойынша сайысқа түседі.  

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған... » атты ана туралы әндер байқауы. Балалар ана тақырыбына жазылған шығармалардың ішінен ең таңдаулысын іріктеп алғаны жөн. «Менің Қазақстаным» атты Отан туралы әндер байқауы. Сайыскерлер бұл байқауда 130-дан астам ұлт өкілдері татулығы мен достығының символына айналған Қазақстан туралы патриоттық әндер орындауы қажет. «Балдәурен» атты балалық шаққа арналған әндер байқауы. Сайысқа қатысушылар бақытты балалық шаққа арналған әндерін орындауы шарт.  «Мектебім – алтын бесігім» атты мектеп туралы әндер байқауы. Балалар аталмыш сайыста алтын ұя мектебі мен  ұстаздарына арналған әндерді орындайды. «Балалардан базарлық» атты ел мерекелеріне арналған әндер байқауы. Жас орындаушылар бұл сайыста күнтізбедегі Жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз, 9 мамыр, 30 тамыз, 16 желтоқсан сынды еліміздің мерейлі мерекелеріне арналған әндерін орындауы шарт.

Биылғы жылдың ақпанынан бастау алған байқау қорытындысы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғаспақ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста