«Бәйтерек» – балалық арманның символы

Балалардың тұп-тұнық әлемін, бал-балалық дәуренді киноға арқау ету режиссерден үлкен сезімталдықты, шеберлікті талап етері анық. Бүлдіршіндердің жанын түсіне білген кешегі талантты режиссер А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» атты фильмін көріп өскен буынның балалары бүгінде «Гарри Потер», «Человек-паук» секілді фильмдер мен мультфильмдерді көруге мәжбүр. Осындай шетелдік экспансиядан арылуды, балаларымызды қазақы рухпен тәрбиелеуді мақсат еткен режиссер Данияр Саламаттың жақында ғана балаларға арналған «Бәйтерек» атты фильмі жарық көрді.

Жуырда «Мега» ойын-сауық кешенінің кинозалында режиссер Данияр Саламаттың «Бәйтерек» атты балаларға арналған картинасы «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы мен БАҚ өкілдеріне алғаш рет көрсетілді. Фильм үстіміздегі жылдың мамыр айында түсіріле бастаған болатын. Талдықорған қаласының маңындағы Жетісу ауылында және Астана қаласында түсірілген фильм өте қысқа мерзімде, яғни екі-үш ай ішінде әзір болған. Ал көрермен фильмді қала кинотеатрларынан қарашаның 27-сінен бастап көре алады.

Әке мен ананың аялы алақанын, мейірімін сезінбей, ауылдағы ата-әженің тәрбиесіне берілген бала тәтті қиялмен өмір сүреді. «Бәйтеректің» кішкентай кейіпкері Санжар тағдыр тәлкегімен жолдары екі айырылған ата-анасын табыстыруды аңсайды. Сезімтал бала «Астана төріндегі «Бәйтерекке» көтеріліп, ондағы кітапқа алақанымды қойып арман ойласам, арманым орындалады» деп шынымен сенеді. Санжардың балалық арманын, ішкі жан дүниесін түсініп, оған ылғи қамқорлық жасап, қиялына қиял қосатын жан, ауылға жаңадан келген мұғалім – Дана апайы. Ұстазының өзіне деген мейірімін сезінген Санжардың Дана апайына деген алғашқы балалық сезімі оянады. Санжардың мұғалімін оған келіп жүрген Марат есімді жігіттен қызғануы – оның бала махаббатының айғағы. Баланың нәзік жанын, сезімтал жүрегін жаралап алмай, оның арман-тілегінің орындалуына барынша күш салған мұғалімі Санжардың арманын орындауға тырысып, өзінің сабақ беретін сыныбын Астана қаласына саяхатқа алып барады. Тіпті Санжардың ата-анасының қол ұстасып бірге келуіне де ықпал етеді.

Фильмде балаларды ізгілікке, жанашырлыққа тәрбиелейтін бейне – Қыдыр ата. Аппақ болып киінген ақсақал Санжарды өңінде де, түсінде де желеп-жебеп жүреді.

«Бәйтерек» фильмінде басты рөлді сомдаған Орынбек Сатанбаев — Алматы қаласындағы «Ұлжан» шағынауданының тұрғыны. Бүгінде 5-сыныпта оқитын Орынбекті режиссер көп баланың ішінен өте зеректігі, қағілездігі үшін таңдап алған. Сондай-ақ фильмде белгілі актерлер Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Сағызбай Қарабалин, Мөлдір Мырзақасымова, Ернар Жұмабаев т.б ойнады. Фильм белгілі әнші-сазгер Лұқпан Жолдасовтың музыкасымен және А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектептің балалар қорының орындауындағы әндермен әрленген. Аталған фильмнің сценарийін Данияр Саламат пен Жәми Бейсенов жазды.

Данияр Саламат, режиссер:
– Балалармен жұмыс істеу – өте күрделі, бірақ өз басым балаларға арналған дүниелерді жарыққа шығарудан ерекше ләззат аламын. Тап-таза кіршіксіз көңілдерімен, жып-жылы сезімдерімен айтқаныңды бұлжытпай орындауға тырысатын балалардың ынтасын көргенде шығармашылық шабытқа бөленесің. Қазіргі біздің қоғамда балаларға арналған фильмдерді тек балалар ғана көруі керек деген түсінік бар. Алайда балаларға арналған картина ересектердің балалық шағын еске түсіріп, жүрегін тербей білуі керек. Фильмді «Бәйтерек» деп атауымның себебі қазіргі таңда еліміздің, елордамыздың символына айналған «Бәйтеректі» өскелең ұрпақтың арманымен ұштастырғым келді. Фильмді түсіру барысында айтарлықтай қиындықтар болмаса да, автор ретінде көңілім толмайтын тұстары жетерлік. Дегенмен фильм жарыққа шықты. Оның ендігі бағасын көрермен бере жатар.

Фильмде жер жаннаты Жетісудың сұлу табиғаты, Астана қаласының әсем көріністері тамаша көрсетілген. Талдықорған қаласының маңындағы шағын ғана қазақ ауылының тіршілігі, ауыл мектебінің өмірі дәл қазіргі ауылдарымыздың хал-ахуалын көз алдыңа келтіреді. Жас ұрпақ кең-байтақ жеріміздің сұлулығын көріп, Отанына деген сүйіспеншілікпен өсуі тиіс. Қазіргі кезде баланың психикасына кері әсер ететін атыс-шабыс фильмдерге тек осындай өмірдің жарқын жағын басым етіп көрсететін фильмдер төтеп береді. «Бәйтеректе» Санжардан басқа да, Мадияр сынды қиялы жүйрік, пысық, тақылдаған балалар өздері құралыптас балалардың фильмге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ендігі уақытта «Қазақфильм» осындай фильмдердің көптеп түсірілуіне мүмкіндік жасап, прокатқа шығуын, таралуын дау-дамайға айналдырмаса болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста