Аудармашылар мектебі неге жоқ?

Егер сізге Қазақстан бойынша ең шебер аудармашыны атаңызшы десе, кімнің есімі алдымен ауызыңызға түсер еді? Ондай сәтте кез келгенімізге «бізде өзі мықты аудармашы бар ма» деген ой келіп, тіпті не дерімізді білмей, қиналып қаламыз. Ал басқа кезде бізді аудармашылардың бар-жоғы алаңдатпайды да. Тіпті күнде теледидардан қазақшаға аударылып беріліп жатқан телесериалдарды көріп отырып та, аудармашылардың еңбегін елемейміз. Тіпті құлағымызға түрпідей тиетін оғаш аудармаларға да мән бермеуге көпшілігіміз үйреніп алғанбыз. Неге десеңіз, біздің елімізде кәнігі аудармашылардың мектебі қалыптаспаған, мәртебелері де бәсең...

Қазіргі кезде Қазақстанда осы аударманың қай түрі болса да артта қалып тұрғанын мойындаған жөн. Бұл дегеніміз – бізде мүлде аудармашы жоқ деген сөз емес, тек аударма саласын дамытудың жүйесі дұрыс жолға қойылмағанының белгісі.

Күнде айтылып жүрген мәселе, ана тіліміздің тірілмей, шала-жансар күй кешу себебінің бір ұшы осы аудармаға келіп тіреледі. Себебі қазіргі толассыз ақпарат заманында бізден әлдеқайда алға жылжып кеткен шетелдік өнімдер, оның ішінде әдеби кітаптар, хитке айналған музыкалық шығармалар, басқа-басқаның бәрі бізге тек орыс тілі арқылы жетеді. Яғни кез келген шет тілі мен қазақ тілінің арасында қыстырылып орыс тілі жүреді. Сондықтан да қазіргі біздің кеңістікті толығымен орыс тілі жаулап алған. Біз неге өзімізге қажет шетелдік өнімдерді өзіміз бірінші болып аудармаймыз?

Егер аударманың неге ақсап жатқанының салдарына үңілер болсақ, ең алдымен, бізде аударманың тарихы қалыптаспаған. Кешегі кеңес заманында біз кәнігі аудармашылардың мәртебесін көтерудің орнына оларды сынап-мінеп, жарыққа шығармауға тырыстық. Сондықтан аудармашылардың мектебі қалыптаспады. Бүгінде эстрада саласында бір ән айтып, жұлдыз болып жатқандар жетеді. Ал аудармашыларда имидж бар ма? Аудармаға белгілі бір мекеме иелік етіп, жүйелеп отырмағандықтан да аудармашылар арасында бірде-бір байқау өтпейді, грант, стипендия тағайындалмайды. Әркім өзінің атағын шығару үшін аудармашыларға аз-маз тиын-тебен беріп, аудартқан шығармалары арқылы аударманың қалай көсегесі көгермек? Тағы бір айта кетерлік ең өзекті мәселенің бірі – бізде аударманың құралы сөздіктердің тапшылығы. Сөздіктердің барлығы орыс тілінде. Ал ағылшын-қазақ, орыс-қазақ, француз-қазақ, неміс-қазақ тілдеріндегі, тағы басқа сөздіктер жетіспейді. Болған күннің өзінде өте сауатсыз жасалады. Себебі қазақ тіліндегі бір сөздің он баламасы болса, соның ішінен мағынасына қарай дұрыс таңдалып алынатыны шамалы. Электрондық сөздік туралы тіпті сөз қозғай алмаймыз.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ, «Қазақстан» РТРК кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің продюсері:
– Біз қазіргі таңда футболдан қалай артта қалсақ, аударма саласы бойынша да тура солай ақсап жатырмыз. Өздеріңізге белгілі, біздің арнада түрік, корей сериалдары, басқа да шет тілдеріндегі фильмдер аударылып, қазақ тілінде дубляж жасалады. Өйткені бізде дәл қазір шетелге шығармақ түгіл, өз көрерменіміз көретін сапалы дүние жоқ. Сондықтан шетелдің жақсы өнімдерін, телесериалдарын алып, сауатты аударсақ та жаман емес. Бұрын осындай сериалдарды Қазақстандағы сол ұлттың өкілдері орыс тіліне аударып, кейін қазақшалайтынбыз. Екі рет аударылған дүниенің сапасы да кететіні, шығыны да көп болатыны белгілі. Ал қазіргі жеткен жетістігіміз, телесериалдарды түрік, корей тілдерінен бірден қазақшаға аударатын мамандар жұмыс істейді. Алайда негізінен дубляж жасайтын актерлер елге танылады да, аудармашылар мен редакторлардың еңбегі еленбей қалып жатады. Әсіресе еңбегі еш, тұзы сор болатын – аудармашылар. Егер аударма дұрыс болмаса, қарапайым көрермен ойынан, тілінен адасады. Өйткені жұрт теледидардан естіген сөздерін тұрмыста қолданады. Ал аударма сауатты болса, қазақ тілінен мың сабақ өткізгенше, қазақы танымға лайық, жатық аударылған телесериалды көру арқылы-ақ көпшілік қазақ тілін үйрене алады. Аудармашылық – жауапкершілігі мол, күрделі мамандық. Әсіресе киноны аудару кеңседегі бұйрықты аудару емес. Өзге тілдің әдеби тілін толықтай ұғынып, шырынын сығып ала алған аудармашы ғана тілі шұрайлы дүние туғыза алады. Сондықтан мен ылғи айтамын, көркем әдебиет оқуды тоқтатқан аудармашы – дамуын тоқтатқан, тілдік қоры сарқылған аудармашы. Кез келген мекемеде халықаралық байланыс бөлімі жұмыс істеп, аудармашылар болуы тиіс. Мамандар жетіспейтіні шындық. Бізге күніне қаншама адам түйіндемесін алып, «аудармашымын» деп келіп тұрады. Бірақ олардың көпшілігі тікелей аударма жасайды. Тілді білгенімен, тілдері шұрайлы емес, қазақша ойлай алмайды. Ең болмағанда, жылына мемлекет төрт-бес аудармашыға жағдай жасап, олардың шетелден білім алуына грант бөлсе, ол да біршама көмек болар еді.

P.S. Рас, аудармашылар қанша көп болғанымен, олар өздерінің қоғамдағы орнын, қажеттіліктерін сезінбесе, жұмысқа деген ынталары да айтарлықтай болмайды. Бүгінде біз мемлекетті құраушы ұлт ретінде өз елімізде өзіміздің ана тілімізді дамытуға тырысып, техника, ғылым-білім тілін қазақшалап, тіпті күлген-жылағанымызға дейін қазақшалауға мүдделі болуымыз керек емес пе? Өкінішке қарай, «шет тілін білетін он адамның тоғызы ана тілін білмейді, ал ана тілін білетін он адамның тоғызы шет тілінен хабарсыз». Аударманы тек ақша табудың көзі деп түсінетіндердің жанында «жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сөз еріксіз ойыңа оралады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста