Атышулы Балтабек ақын атын өзгертіп алды

Атышулы Балтабек ақын атын өзгертіп алды

Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?

Әлеуметтік желі арқылы билік басындағыларға ода жазып, аты шыққан Балтабек Нұрғалиев есімін ауыстырды. Ақынның жаңа ныспысы – Исламбек.

Бұл туралы ақын өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялады. Онда Балтабек өз атының әу баста азан шақырылмай қойылғанын және Жаңа Қазақстанда сол олқылықтың орнын толтыруға бел байлағанын жазған.

"Мен атымды қойған адамнан: "менің атым азан шақырылып қойылған ба?" деп сұрадым. Ол "жоқ" деді. Сондықтан мен бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, тұрғызылғанына ғасыр толған мешітке барып, атымды азан шақыртып қойғызып алдым. Енді менде жаңа есім – "Исламбек". Құжат бойынша  – Балтабек. Ал азан шақырылуы бойынша есімім – Исламбек. Жаңа Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?", – деп жазды Балтабек Нұрғалиев.

Өзін Исламбек деп атаған ақынды әжуалап, желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

"Көктем әлі келген жоқ еді ғой. Мен білсем әлі 15 күн бар", "Байғұс бала-ай! Осы балаға 30-дан асса да, ақыл кірмеді ғой", "Азан шақырғаннан бұрын, арасына күн салмай 40   күн мешітке түнетіп тұрып оқытып алу керек еді", "Енді Исламбек деген көркем есімді жағымпазданып былғама", "Атыңызды өзгерткенмен, затыңыз өзгермейді-ау", – деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста