Кеше Атырау мемлекеттік университеті ұлт журналистикасының ұлықпаны – Тауман Амандосовтың құрметіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұлағатты ұстаздың шәкірттері, туыстары мен өңірдегі белді БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жас қаламгерлер мен журналистиканың табалдырығын енді аттаған студент-жастар да бар. Барлығының ниеті қазақ теориялық журналистикасының тарланы – Тауман Амандосовтың еңбегі мен есімін ұлықтау.
1976 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін Қазақ ұлттық университетінің замандастары Амандосов кафедрасы атап кеткен Журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі міндетінде де үлгілі өнеге көрсетті. Тауман Салықбайұлы бар саналы ғұмырын аталмыш факультеттің қалыптасып, дамуы жолына арнады. Сондықтан бүгінде БАҚ-тың белді басшыларына, семсерсөз иелеріне айналған журналистердің бірнеше буыны осы ұлағатты ұстаз дәрісін тыңдап, оның аялы алақанының табын сезіну бақытына ие болғандар деуге әбден негіз бар.
Атырауда Амандосовтың құрметіне конференция өтті
Последние статьи автора