Танымал жәдігерлік компанияның бірі «Алтын домбыра» атты алтын мен гауһардан әсемделген үстел құралын жасап шығарды.
Алтын мен гауһардан әсемделген домбыра бір-ақ данамен шығарылған. Оның көрсетілімі Астананың сауда үйлерінің бірінде өтті, деп хабарлайды news.vsetke.kz.
«Домбыраны швецариялық шеберлер дайындады. Бұл біздің шеберлердің жеңісі», – дейді Empire компаниясының иесі Вольдемар Айфельд.
Домбыра 24 каратты таза алтынмен және гауһар таспен әсемделген. Бұл домбыраның үлкенігі кәдімгі домбыра секілді ұзындығы – 100 см, ені – 25 см. Бірақ ол ойнауға арналмаған. Сән ретінде интерьерге қолданылатын бұйым.
Сонымен қатар, домбыра әуен ойнап беретін арнайы механизиммен жасақталған. Механизде 72 нота, 3 тональності көрсетеді. Онда “Үш қоңыр” (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), ” Желсіз түнде жарық ай” (Абай) және “Аққу” (Сүгір) осы үш ән ойнатылады.
Музакалы механизм 316 L зергерлік болаттан жасалып, 24 каратты алтынмен жалатылған. Және домбыра брилиантпен оюланып, алтынмен боялған.
Компания иесінің айтуынша, домбыраның бағасы 50 мың еуро тұрады. Бірақ оны сатылымға қоймайды екен. Оны интерьердің элементі ретінде Елбасына сыйлыққа бермекші.
Келесі жолы компания осы бағытта қобыз аспабын дайындау ойларында бар.