Асанәлі ӘШІМОВ: Әуезов театрына ұлттық театр мәртебесін беру керек

Қазақ өнерінің қасиетті қарашаңырағы ­- М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жақында 90-шы маусымын ашты. Жаңа маусымның ашылуына орай бұқаралық ақпарат құрадарының өкілдері үшін пресс-конференция өткізілді. Жиынды жүргізген театрдың директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл театрдың атқарған ауқымды жұмыстарының бір парасын атап көрсетті.

Жаңа маусымда жағымды жаңалықтар да жоқ емес өнер ордасында. Театрдың төлтаңбасының жаңартылуының өзі жас басшының жаңашылдыққа құштарлығын көрсетсе керек-ті. Сондай-ақ, биылғы жылы театр құрамы 10 білікті актермен толығыпты.

Өнер ордасы ұжымының ел өміріндегі айтулы шараларға қосып келе жатқан үлесі де аз емес. Жақында ғана Астана қаласында өткен “Қазақ хандығының 550 жылдығына” арналған “Мәңгілік ел” атты театрландырылған қойылымға қатысты. Сондай-ақ, тағы да осы “Қазақ хандығының 550 жылдығына” арналған Тараз төріндегі ұлт тарихын ұлықтаған дүбірлі тойда театр ұжымының тікелей ұйымдастыруымен Ж.Ерғалиевтің “Қилы жол” шығармасы желісіндегі қойылымға 500-ге жуық әртіс қатысты. Бұл қойылымының айтуға тиісті басты ерекшелігі ­- Орталық стадионда ашық аспан астында өткізілуі еді. Осы пресс-конференцияның аясында тың туындылармен толыққан театр мұражайы да журналистерге жіті таныстырылды. Әуезов театры өзінің 90 жылдық мерейтойын “Театр көктемі-2016″ фестивалінде салатанатты түрде атап өтпекші.

Иә, көрермен қауым көптен күткен ӘКЕМ театрдың 90-шы маусымы да ашылды. Салтанатты шараны ашып берген театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асаналі Әшімов жиылған жұртшылықты бүгінгі өнер мерекесімен құттықтай келе: ” Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, қасиетті қарашаңырақ – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ұлттық театр статусы берілуі керек” деген көңілге қонымды ұсыныс айтты.

Театр 90-маусымын ҚР Халық артисі Есмұхан Обаев қойған “Абай” спектаклімен ашты. Ерлан Біләлдің актерлік шеберлігінің арқасы болса керек, Ұлы Абайдың күрескер бейнесі көрерменнің көз алдына келді. Тік тұрып қошемет көрсеткен жұртышылықтың жүзінен өнер майталмандарына деген ризашылықты байқадық.

 qazaquni.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста