«Арт-Дала» дала өнерін паш етпек

Жаңа заман, жаңа талап, жаңа өнер суретшілерді бей-жай қалдырмақ емес. Қазақстан суретшілері жаңа өнерді өз мәдениетімен дұрыс ұштастыра білуінің арқасында шетелдерде жоғары бағаға ие болып жүр. Сондай суретшілердің бір тобы ауқымдылығы жағынан елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Арт-Дала» жобасын қолға алып отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін көрме Астана халқын он күн бойы шаттыққа бөлемек. Тоғыз қылқалам шеберінің 100-ге жуық туындысы қойылатын көрмеде қазақ даласына қатысты құндылықтың барлығы көпшілік көзайымына айналмақшы. Бұл көр­менің басқа көрмелерден ерекше­лігі – суреткерлік өнердегі барлық жанр­дың қамтылуында болып отыр. Қатысушы­лар­дың үздік шығармаларын топтастырған көр­меде көшпелі және отырықшы мәде­ниеттің, Азия мен Еуропа құрлығының тү­йіс­кен тұсын, дыбыс пен жарықтың үздік үй­лесімін бейнелейтін композициялар болады деп жоспарлануда.
Смайл БАЯЛИЕВ, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі:
– Шараның негізгі мақсаты – Астана халқына дала өнерін паш ету, ұлттық кескіндеме саласын кеңінен насихаттау деп білемін. Астананың төрінде осындай ғажап көрме өткізу көптен жоспарлап жүрген шаруамыз болатын. Бірақ соның сәті енді түсіп тұр. «Сабақты ине – сәті­мен» дейді ғой атамыз қазақ. Бұл өнер­дің жаңа түрі болғандықтан, өнерсүйер қа­уым қалай қабылдайды деген қобал­жу да бар. Мақсатымыз – дала өнерін мей­лінше жан-жақты көрсету. Дала бей­несі, қызықты көріністер біздің суретші­ле­рі­міздің экспозицияларында жақсы ашыл­ған. Адамға кәдімгідей ой салатын туын­дылар жетерлік. Суреткерлердің шы­ғар­ма­ларына арқау болған – қазақ­тың көш­пелі мәдениетіндегі тұрмыс-тір­ші­лігінде қолданған бұйымдары. Біреу­лер қойтас­тан, енді біреулер киізден, тағы бір топ сүйектен, толып жатқан мате­риал түрле­рінен түрлі дүние жасап шығарған. Сон­дықтан «Арт-Дала» жо­басы кескін­деме, сурет өнерінің жаңа бағыты деп айтсақ, қателеспейміз. Бұл – сурет, кес­кін­деме, көркемсурет, сызба, сәулет өнері, мүсіндеу сияқты көптеген бағыт­тың жиынтығы деп ойлаймын. Ал жиын­тық болған жерде сын да болады, қол­даушылар да табылады. Әзірге сын­шы­лар тарапынан қолдауға жақын, жана­шыр пікірлерді ғана естіп жатыр­мыз. Бастысы – халықтың қабылдауына бай­ланысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста