Арқада Маясардай ақын өткен...

Ауыз әдебиетінің майлы жілігі – Маясардың мұрасында
Абай айтқандай, қызыл тілдің толғайтыны – тоқсан. Әсіресе бұл қазақ халқына тән қасиет сынды. Көмейінен жыр нөсері құйылып тұрған, айтары мол ақындар өмірде көп болған. Жазу-сызу білетін адам көп болмаған не тарих бетінде қалуды құнттамаған соң, олардың көпшілігі көзкөрген көнекөз қариялардың есінде ғана қалып, жалпы танылмаған. Солардың кейбірі «менмін» деп тарих кітабының бір парағында аты қалғандардан да ірі, өлеңдері де – өзекті. Кенен, Шашубайлармен иық тіреп қатар жүріп, сөз қағыстырған Арқаның айтулы ақыны Маясар Жапақов жайлы не білеміз?
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» де­ген­дей, Маясар да жастайынан өлеңге құ­мар болып өседі. Он бес жасында-ақ Ті­лек­бай дегеннің қызымен айтысуы халық ара­сына кең таралады. Ақынның ертеректе шы­ғарған өлеңдері кәрі құлақтың аза­ю­ы­нан хатқа түспей қалған. Маясар Жапақұлы Кеңес үкіметі тұсында қаншама тарихи зұлматтардың куәсі болды. Мал өсірумен күнелткен қазақты күнкөрісінен айырып, малдарын колхозға күштеп өткізуі, ашар­шы­лық жылдары, кейін Ұлы Отан соғы­сы­ның жалындаған оты ақын жүрегін қарып өт­ті. Ел мұңы халықтың көрген теперішіне бей­жай қарамайтын ақынның есті жү­регінен өлең болып төгіледі:
Жаз­ғалы қарындашты қолыма алдым,
Қы­зығы болмады ғой жиған малдың.
Бір күндік азығы жоқ, үміт бұлдыр,
Не болды енді халің, қайран халқым.

Кәмел ЖҮНІСТЕГІ, жазушы:
– Ауыз әдебиетінің дамуына өзіндік үле­сін қосқан, шындықты қуаттап, өмірдің әр қадамына қуаныш лебізін білдіріп келген халық ақыны Маясар Жа­пақов Бұқар жырау, Кемпірбай, Шор­танбай, Біржан сал, Әсеттің мұ­ра­сын молынан игерген. Ол – Қарсыбектің Тө­ле­гені, Сәрінжіп ақындардың айтыс өлең­дерін сақтап, бізге жеткізуші. Қақ­пан ақынды ұстаз тұтып, Шашубай, Жам­­былдармен сан жүздескен. Ол төң­­керіс заманынан кейін елді оқуға, бі­лімге, еңбекқорлыққа шақырған. Оған дербес зейнеткер Сәулебек Сыз­ды­қовтың: «Ауылдық совет пред­се­да­телі болып тұрғанымда Маякең жеті жыл­дық мектеп салайық деп ұсыныс жа­сады. Нәтижесінде, шотпен шауып, кір­піш құйып, мектеп үйін салдық» деп ау­дандық «Ильич туы» газетіне жазуы дә­лел.
Маякеңнің мысал өлеңдері де – ауыз толтырып айтарлықтай мол дүние. Ол өз жанынан терме-жырлар, нақыл сөз­дер, мақал-мәтелдер шығарған. Олар­дың бірқатары «Жазушы» бас­па­сынан шыққан «Қанатты сөздер» кіта­бы­на енген:
Амандықта қадір жоқ,
алдырған соң білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ,
ауырғанда білерсің, – десе, бірде:
Биік таудың басы жақын,
бөктері қашық,
Білімсіздің туысы бір,
көңілі қашық»,
– дейді.
Маякең 1940 жылы Доскей Әлімбаевтың мерейтойына арнайы келіп, толғау арнаған. Шашубаймен кездесіп:
Сәлемімді кісілікпен Шашу ағам,
Жасыңнан көп ақыннан асты бағаң.

Қарсы алып, бұл сөзімді
құп тыңдаңыз,
Айттың деп өткен күнді
ұрыспа маған, –

деп сәлемін жолдаған. Ал 1947 жылы Мәскеу қаласының 800 жылдық тойына қатысқан. Мұнда ол зор дауысты ақын екенін танытып, Үлкен театр сахнасында халық пейілін өзіне аудартқан еді. Ақынның сонда салған әні пластинкаға жазылып, бүкіл елге тарады».
Маясар Жапақұлы ауыз әдебиеті үлгі­ле­рін жинап қана қоймай, талай сөз до­даларында қабырғалы ақындармен сөз ті­рестірген. Оған 1943 жылы республи­калық деңгейде өткен айтыс айғақ. Мұхтар Әуезов бастатқан он бір адамнан тұратын қазылар алқасы Маясар Жапақовты бірінші орынға лайық деп тапқан. Сол айтыста суырыпсалма ақын Кененмен айтысып, жеңген екен. Аталған айтыстан абыроймен қайтқан Маясар ақын шабыты қарқындай түседі. М.Әуе­зов сол жолы өз басшылығымен «Маясар Жа­пақов» деген атпен деректі фильм түсіріпті. Ол фильм әлі күнге дейін мұра­ғатта сақтаулы.
Боранбай МАЯСАРОВ, ақынның немересі:
– Атамның ұстазы сопы Қақпан де­ген кісі болған. 1934 жылы Қызылжарда жеті жасында шешек шығып, екі көзінен суқараңғы боп қалған екен. Шашубай, Маясарлар іздеп барып, үлгі алған адам. Атамның мұраларын алып қа­лып, жинақтаған – өз әкем Әбдіқұл мен күйеу баласы Кәмел Жүнісов. Көзі ті­рісінде кітабы шығарылмай кет­кен­діктен, кейіннен топтастырып шы­ғар­дық. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының мұрағатында атам­ның аузынан жазылып алынған 500 беттік таспа бар. Ол ақын ғана емес, жыршы да болған. «Ләйлі-Мәжнүн», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сынды қисса, дастандарды жатқа айтқан. Әнші және көріпкел болған. Өзі шығарған әндерін шәкірттері Рысқұл Жақанов пен Жамал Одықов және әкем жеткізген. «Қос қоңыр», «Тағылы» әндері айтылып жүр. 1932 жылғы ашаршылыққа арналған поэма іспетті «Қоңырқаяу» деген әлі жарыққа шықпаған әні бар. Сол сынды бірнеше әнін, Алла қаласа, шығармақпыз.
Табан астында тауып айтатын тапқыр ақын, бұрынғының қиссаларын жатқа оқитын жыршы, зор дауысты әнші әрі композитор болған Маясардың ұрпақтары да бұл өнерден кенде емес. «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге» дегендей, ақын­ның немересі Боранбай да домбырамен ән салады. Ал шөбересі Жақсыкелді Мая­саров ата жолын кәсіби музыкалық тұр­ғы­да жалғап жүрген жайы бар. «Сегіз қырлы» те­лебайқауының екінші маусымына қа­ты­сып, 1-орын алған ол жүрген жерінде ата­сының әндерін шырқап, насихаттап келеді. Пай­ғамбар хадисінде адам өмірден өзі өт­се де, артында Құран бағыштап, дұға оқи­тын ұрпағы мен тек осы өмірде жасаған жақ­сы амалдары қалады деген екен. Жақ­сының аты өлмей, асыл мұрасы өскелең буынға азық болып жүргенін аңғардық. Ал Құран бағыштап, ән мұрасын жал­ғайтын Жақсыкелдідей ұр­пағы бар. Арқаның ақтаңгер ақы­нының көзі кетсе де, бай әде­би мұрасының көңілден ке­т­пейтініне сенім мол.

ӨМІРДЕРЕК
Маясар Жапақов 1879 жылы мамыр айында осы күнгі Қарағанды облысы Шет ауданының Тағылы тауындағы Жоса бұлағында дүниеге келіп, 1965 жылы қайтыс болған. Ауыл молдасынан оқып, арабша хат таныған. Он үш жасынан бастап өлеңге, айтысқа ден қоюына шешесі Сарқыт себепші болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста