Екі жылдай сахнадан көрінбей кеткен «Аққу-Гәкку» театры таяуда сахнаға жаңа қойылымдарымен қайта оралмақ.
Қазақ сатира театрларының қос қарлығашы, «Тамашаның» еркелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлбаушан Тілеубекова мен Данагүл Темірсұлтановалар құрған әзіл театры біраз үзілістен кейін әзіл-қалжыңға толы думанды кештерін Халықаралық әйелдер күніне арнамақ. Көрермен қауым «Ерке сылқым», «Алып қашу операциясы», «Ұялы телефонның үйдей бәлесі», «Таныс шапан» сияқты жаңа қойылымдарды көріп тамашалайтын болады. Аталмыш концертке Мақпал Жүнісова, Қарагөз Тілеубекова, «Ару ана» тобы және басқа да өнер жұлдыздары қатысады.
Асқар НАЙМАНТАЕВ, «Аққу-Гәкку» театрының режиссері және авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Бұл күлкілі думан барлық театрлар мен шоу бағдарламалардан өзгеше, ерекше болады. Халық өзінің сүйікті актерлерін сағынып қалды, сол сарыла күткен сағынышты алдамауға бел байлап отырмыз.
Сондай-ақ «Аққу-Гәкку» театры жақында Талдықорған, Тараз, Ақтау қалаларына да гастрольдық сапарға шықпақшы. Астана көрермендері «Аққу-Гакку» театрының жаңа бағдарламасын Күлкі күні тамашалайды.
«Аққу-Гакку» сахнаға оралды
Последние статьи автора