Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған концерт өтеді

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған концерт өтеді

Алматыда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрғиса Тілендиев - әйгілі композитор, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіровтің концерті 13 наурызда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арнал­ған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты­ның халық аспаптары оркестрінің қатысуымен өтеді. Бұл күні сахнада Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, еңбек сіңірген қайраткерлер Гүлзат Дәуірбекова, Болат Бөкенов, Айгүл Қосанова және Арман Жүдебайлар жеке өнер көрсетеді. Ал халықаралық конкурстардың лауреаты Берік Батырхан дирижерлік етеді.

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашысы Нұрғиса Тілендиев Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылында дүниеге келген. Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді. Ол - 500-ден аса туындының авторы. Нұрғиса Тілендиев қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында, қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген "Отырар сазы" халық аспаптары оркестрінде бас дирижер қызметін атқарды. Қазіргі уақытта "Отырар сазы" оркестрінің бас дирижері - оның қызы Динара Тілендиева.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста