Алаштануға талаптану

Кеше Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» деген тақырыпта кең көлемді ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Осындай ауқымды тақырыпты арқау еткен жиынға Алдан Смайыл, Айгүл Ісмақова, Бекболат Тілеухан, Дихан Қамзабекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Тұрсын Жұртбай, Қазтай Әбіш, Зиябек Қабылдинов сынды есімдері елге белгілі қаламгерлер, ғалымдар, тіл жанашырлары мен Алаш зерттеушілері және тағы басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.
Маңызды мәселені қаузаған конфе­ренция барысында ұлт болашағы үшін күрескен Алаш зиялыларының қазақ ғылымын өркендетуде жанкештілікпен қол жеткізген жетістіктері кеңінен сөз болып, олардың төл мәдениетіміз бен ана тілімізді сақтап қалу жолындағы орасан еңбектері ғылыми талқыға түсіп, жан-жақты сараланды.
Конференцияның үйлестірушісі, та­рих­шы Дихан Қамзабекұлы: «Ғасырлар тағы­лы­мын зердесіне тоқып, ұлттық құн­ды­лықтарымызды түрлі салаларда сара­лап, теориялық негізін қалаған және бүгінгі ұрпаққа аманаттаған – кеше­гі Алаш зиялылары. Сондықтан да Ел­басымыз айтқандай, «Алаш зиялылары Абайдан кейінгі дара тұлғалар» екенін біз әрқашанда есте сақтаймыз», – дегенді айтты.
Конференция аясында сондай-ақ белгілі ғалым, алаштанушы Айгүл Ісмақованың «Асыл сөздің теориясы» және «Алаш әдебиеттануы» ғылыми-танымдық еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті. Жиынға қатысушы зиялы қауым өкілдері өз кезегінде ғалымның бұл еңбектерін алаштануға қосылған сүбелі еңбек деп бағалады.
Айгүл ІСМАҚОВА, алаштанушы:
– «Алаш әдебиеттануы» кітабында Алаш зиялыларының шығармалары, Ал­аш­тың тарихы мен мәдениеті, парасатты қа­зақ ұлтының рухани тағылымы топ­тас­т­ырылған. Біз «Репрессияға ұшы­раған қазақ ғылымы» бойынша ар­найы курс ұйымдастырған едік. Оны Кембридж университетінде оқыған кезде тыңдаушылар репрессияға ұшыраған қазақ ғылымы мен оның жанашырлары туралы естіп, таң қалды. Қазір бұл кітап Лондонның Британ мұражайында да сақталған. Олардың айтуынша, ғылымға деген қиянат, оның ішінде қазақ ғылымына деген қиянат тек Кеңес Одағы кезінде ғана көрсетілген. Бүгінде ағылшын ғалымдары біздің бұл еңбегімізге қызығушылық білдіріп, оның аудармасын жасап беруді өтініп отыр».
Бұл шара, негізінен, Алаш қайраткер­лерінің «Оян, қазақ!» тұжырымдамасына 110 жыл және Қазақ білімпаздарының съезіне 85 жыл толуына орай қолға алынып отырған үлкен жұмыстардың бір парасы ғана.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста