Алаш азаматы

Белгілі журналист, көр­нек­ті қайраткер, жазушы Кә­к­імжан Қазыбаевтың атында Алматы облысының Қой­лық ауылында үлкен мә­дениет үйі бар. Бірақ оның нендей себепті Қа­зы­баевтың атына бе­ріл­генінен хабардар адам­дар аз. Рас, Кәкімжан Қа­зы­бай­ұлы бұл өңірде өмірге кел­гені жайында болмаса, оның Сарқант үшін жасаған жақ­сылықтары мен сол ай­маққа еңбегі сіңген аза­­мат­тар туралы біле бер­мей­міз.

Орынша апайдың әңгімесінен:
Орынша Қарабалина – Кәкімжан Қа­зы­­­баевтың жары, ардагер ұстаз, Қазақ­стан­­ның еңбек сіңірген мұғалімі. Бірде ол кі­­сінің өмірлік серігі жайында айтқан ес­те­лік­терінің бірінде Қазыбаев атындағы мә­де­­ниет үйі жайында сөз қозғалды. Көзіне жас алып, терең толқыныспен осыдан 14 жыл бұрын жолдасымен Сарқанға барған сапарын еске алған апамыз сол кездерді дәл бүгінгідей ерекше есіне сақтапты:
– 1989 жылдың мамырында Кәкең 60 жас­қа толды, ал маусымда «елім шақырып жа­тыр, Сарқант шақырып жатыр» деп жол­­ға дайындалдық. Бірақ ол ауыл адам­да­рына «60 жылдығым жөнінде ешкімге айт­­паңдар, дайындалмаңдар, халықтан ақ­ша жинамаңдар, одан да Бақалының тү­лектері – бүгінгі профессорларды апа­рып, елі­мен таныстырайық» деген ой айтыпты. Сөй­тіп, бірнеше профессор бар, біз бар, Ба­қытжан Момышұлы мен Зейнеп Ах­ме­това бар, ауылға бардық. Айтқандай-ақ Кәкеңнің 60 жылдығы емес, Бақалыда 400 адамға арналған жаңа клуб салынған екен, сонда кездесу өтті. Кездесуге Болат Макетов деген кісі келді. Ол кезде Болатты танымайтын едім, кеш соңында Кәкең та­ныс­тырды, қазір мұндай азаматпен таныс, дәм­дес болғанымды ерекше мақтанышпен ай­тамын. Себебі Болат Нәбиұлының еліне жа­саған жақсылығы шексіз, халықтың да оған деген сүйіспеншілігі жоғары болды.
Иә, әңгімеміз Кәкімжан Қазыбайұлы емес, Орынша апамыз айтқан Болат Ма­ке­тов жайында өрбімек. Себебі ел ішінде біз білмейтін қаншама құрметті азамат, қа­дірлі ел ағалары бар. Біз айтып өткен Қой­лық­тағы мәдениет үйіне Кәкімжан аға­мыз­дың атын бергізген де осы кісі екен. Сол кез­десуде ұрпақ пен ұрпақты кездестіріп, ха­лыққа ауыспалы заманның заңды­лық­та­рын ұғындырып, ауыл тұрғындарының жа­ғ­дайын жасауға атсалысқан азаматтың есімін мәдениет үйіне беруді жөн санаған Болат Нәбиұлы – кезінде колхоз басқарып, совхоздың партия ұйымына хатшы болған адам. Орынша апамыз оның өз ауылында таудан аққан бұлақтарды тоғыстырып көл жасап, қызметкерлеріне демалыс орнына дейін жасап бергенін айтты. Тіпті Кәкімжан Қазыбайұлының Болат Нәбиұлымен сыр­лас-сыйлас болған сол күндерден жүрек сы­рын ақ­тара жазған хаты да сақталыпты:
Құрметті Болат!
Туған жерді аралап, жаңадан танысып қайт­қандаймыз. Бауырым, өз басың ма­ған ерекше әсер қалдырдың. Халқыңның көп қа­­сиетін бойыңа жиғандайсың. Арын­ды­лы­ғың, ақылдылығың, алғырттығың, да­рын­дылығың бұл бір ғана менің пікірім емес, биязы мінез көрсетіп, биттей пай­да­сы болмайтындардан гөрі халық әрқашан өр ­мінезділерді жақсы көрген, құрметтеген, со­­ңынан ерген. Әрқашан ай мүйізді ақ сер­ке бола беруіңе тілектеспін. Мынау жол­дар­мен аяқтаймын хатымды:
Жанында өрлігі бар, шуағы бар,
Бойында Құдай берген ну ағын бар.
Түйіліп жауар бұлттай түнергенде,
Кеудеден күркіреп кеп жыр ағылар.
Туысты сайға тартқан бұл сапарым,
Рухани нәрге толы жыр сапарым.
Дүниенің төрт бұрышын түгел көрген,
Бірақ бұл ұмытылмас гүл сапарым, – деп сөзін аяқтайды.

Б.Макетов жайында бірер мәлімет:
Болат Нәбиұлы Макетов 1940 жылы қыр­­күйектің 30-ында қазіргі Талдықорған об­лысы Сарқан қаласында дүниеге келіп, 2003 жылы өмірден өтті. 1947 жылы Но­во-Покровка орта мектебінің 1-сыныбына ба­рып, 1958 жылы тамамдаған. Он­жыл­дық­ты бітіргеннен кейін «Энергия» кол­хо­зында әртүрлі жұмыстар істеп, жүргізуші, ме­ханизатор, шопан, есепші, бөлімше бас­тығы, бас зоотехник, шаруашылық бас­ты­ғы, Ново-Покровка атқару комитетінің бас­қармасы қызметтерін атқарған. 1978 жы­лы «Красный Октябрь» совхозына пар­тия ұйымының хатшысы болып сайланған. Ал 1979 жылы Ленин атындағы шар­уа­шы­лық­қа басқарма бастығы болып таға­йын­да­лып, өмірінің ақырына дейін осы кол­хоз­да қызмет етті. Сонымен қатар Ал­­ма­тының малдәрігерлік институтын сырт­­тай оқып, зооинженер мамандығын ал­ған, 22 жыл коммунистік партияның қа­та­рында болып, төрт рет аудандық, төрт рет облыстық мәслихатының депутаты ре­тін­де сайланған. Туристік жолдамамен көп­теген мемлекетке барып, өмірінің сан қыр­лы өткелдері жайлы жазбаларында: «Біз неше түрлі қиянаттарды, әділетсіздікті мо­йынмен көтердік, жүйке тамырды тоз­дыратын опасыздықпен жасалған тек­се­руді бастан кешірдік» деп жазып қал­дыр­ған. 40 жыл отасқан жары, бес баланың ана­сы Алтынбала Сарқытбайқызы – қазір құр­метті демалыста. Балаларының бар­лы­ғы жоғарғы білім алып, әр салада қызмет істеп жатыр.

                   Д.Қонаевтың Сарқанға келген сапарынан естелік. Алдыңғы қатарда атақты палуан Ә.Айханов пен Сарқанның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген азамат Б.Макетов және ауданның 2-ші хатшысы Б.Әмірханов

Әділдікті ән ғып жазған азамат:
Текті жерден, аруақты елден шыққан Болат Нәбиұлы жайында естелік сұраған азаматтарымыздың барлығына дерлігі оның ең алдымен әділ адам болғандығын айтты. Болат аға тек адал басшы ғана емес, тұла бойы талантқа толы тұлға болған. Оның жазған өлеңдері мен әндерін жергі­лік­ті тұрғындар жатқа айтып, радиолардан бе­рілген. Бірақ әкесі қан майданға атта­нып, кішкентайынан жоқ­шы­лық пен тап­шы­­лықты көп көріпті. Қи­ғаштық пен қы­ңыр­лықты бір адамдай ба­сынан өткерген техниканы тепкілеп мініп, не­бір тұлпарды тақымдаған ол поэзия тереңіне ақындықты бой­латып жүріп елі­не, жеріне, жетім-жесірге, дос, туыс, жол­дасқа арнап жазған өлең жолдарын қал­ды­рып кетті, ақын­жан­ды азаматтың бо­йындағы әсіресе па­триот­тық сезімнің сың­ғырлары әр өлеңінен, әр сө­зінен се­зілетіндей. Соның бірі «Туған ел»:
Туған ел, қасиетіңнен айналамын,
Туған ел, сені жырлай ән саламын.
Туған ел, ыстық сенің алақаның,
Қамқорыңда ер жетті балапаның.
Туған ел, не көрмедің өміріңде?
Жатыр ғой жібімес мұз жүрегіңде.
Айырылып талай жайсаң боздақтардан,
Әлі де күдік бар ғой көңіліңде...

 ****
40 жыл атып жатыр Семейімді,
Қалай мен сөйлетпеймін көмейімді.
Ойласаң Сары­өзек пен Байқоңырды,
Кеудемді көтертпейді мерейімді...
40 жылдай атқылап
Абай, Мұхтар даласын,
Кім кінәлі осыған
Жер бетінен құртпақ па?
Қазақтың қара баласын.
Айына екі жарасың,
Жер асты жарған дүмпумен
Алдың ғой елдің мазасын.
Табиғат күші бар болса
Тарттыра көр жазасын!...

Боранбай Жарылқағанов, Сарқан ау­да­нының құрметті азаматы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Даму және жоспарлау басқармасының төрағасы:
– Бөкеңнің азаматтылығы, парасатты­лығы, нағыз халқының адал ұлы болғаны бар­шаға аян, қазақтың нағыз біртуар ұлы. Аға­мыз ақындығы бар, тілге шешен, адам­гер­шілігі, азаматтылығы жағынан ешкімге дес бермейтін еді. Бөкеңнің көкірек са­ра­йын­да көптен жиналып қордаланған ой-ар­мандары арындап, жыр жолдарына құ­йыл­ғанын байқаймыз. Ағамыздың маған сый­лаған таспаларын талай азаматтарға тың­датып жүрген жағдайларымыз бар. Бө­кеңнің бір өлең жолдары, айтса айтқандай, адам­зат тарихынан сыр тартқан небір та­ғы­лым аларлық жайттар, кесек-кесек қа­нат­ты тың ойлар, батыл тұжырымдар жан дү­­ниеңді баурап алып, асыл армандарға же­­телейді. Тек өзің емес, еліңнің, бүкіл адам­заттың болашағы үшін Бөкеңмен бір­ге толғанасың. Өзіңе де бір міндет жүк­тел­ген­­дей болады. Өмірден өз орныңды із­дей­­сің. Қанша оқысаң да, сусының қан­­байды. Бөкеңнің аруағына арнап мына бір ойымда жүрген жыр жолдарын бағыш­тай­­мын:

Біз халыққа қорған болмасақ,
Туған елдің гүлі,
Тағдырының нұры,
Мақтан етер ұлы болмасақ,
Онда біздер неге келдік өмірге?
Намысың алысқа жетелер,
Күн туды ел жүгін көтерер.
Біздердің халыққа парызымыз
Атқарған істермен өтелер.
Ендеше, біз ұятқа қалмауға тиістіміз,
Ақсақал тарихтың алдында.
Иә, «Жақсының жақсылығын айт – нұ­ры тасысын» демекші, қашанда жақ­сы­лық­қа жаны құмар өлеңнің өрнегімен ой тоқыған, жаны жайсаң ауыл ағасы бүгінгі күні туған жерді гүл ету адамдардың елге, жерге деген сезімін ояту, ата дәстүріміз бен салт-сананы қасиеттеп, ардақтап отыруда көптеген игілікті шаралардың басын қайырған. Бастық болған жылдары Қой­лық ауылында мектеп, сауда орталығы, мәде­ниет ошағы, қарағайлы саябақ пен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ес­керт­­­кіш орнатқан.
Әкімнің бір сыры:
Қайрат Сағындықов, Қойлық ауылдық округінің әкімі:
– Болат ағамыз туралы айтатын болсақ, әри­не, үлкен-үлкен мәселелердің басы қоз­­ғалады. Ол кісі тек осы ауыл төңірегінде ға­на емес, жалпы, ел көлеміндегі таныс тұл­ға... Болат ағамыздың маған тікелей жа­саған жақсылығы да аз емес. Мен сырт­тай бөлімге ауысқан кезде оқудың жылдық тө­лемін төлеуге 28 мың сом (рубль) қажет болған еді. Сол кездегі алатын айлығымыз 2 мың сом ғана. Болат аға менің жағ­да­йым­ды түсініп, колхоз тарапынан сол қар­жы­ны төлеп, жоғары білім алып шығуыма қол ұшын беріп еді. «Ертең осы ауылдың бір азаматы болар» деген үмітін бүгіндері ақ­тап жүрген сияқтымын. Әкем, Са­ғын­ды­қов Тасболат, Көлбай ауылында агроном бо­лып істеп, партияның сілтеуімен Ой­жай­лау Лепсіге бармақшы болып жүргенде осы Болат аға: «Бізге келіңіз, өзіңіз тамаша бі­летін қызылша бөлімшесін берейін», – деп шақырып, осы ауылға орналастық. Кол­хоз атынан үй салып берді. Әкемнің жұ­мы­сы да абыройлы болды. Өле-өлгенше «Бо­лат ағаңнан көп нәрсені үйренуге ты­рыс, ол кісіден алатын өнеге көп» деп әкем маған айтып отыратын. Ауылдық кеңестің сапына да мені кезінде осы Болат аға ұсынған еді. Алтын тәте екеуі бес баланы өсіріп, жеткізді. Мейрам екеуміз бірге туған бауырлардай жарасымды татулықта келе жатырмыз. Қандай жетістіктерге жет­сек те, Болат аға және өз әкем Тасболат сияқ­ты тұлғалар біздің арқасүйер асқар та­уымыз, олардың алдында қашанда бас ие­міз, істерін өнеге тұтамыз.

Елдігіміздің сақталып, еліміздің еңселі бо­луының бір себебі де ел ішінде әділдікті сақтап, халқына нағыз қамқор бола білген Бо­латтай ағаларымыздың арқасы. Сон­дық­тан олардың есімі ел есінде мәңгі сақ­та­луы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста