Белгілі продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевқа неліктен жиі бармайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Айсәуленің айтуынша, түрмеге тек белгіленген тәртіп бойынша баруға болатындықтан, әкесіне жиі бара алмайды екен.
«Әкеме жиі барып тұрмаймын. Себебі жиі баруға болмайды. Уақытша ұстау изоляторына күнде баратынмын. Ал түрмеге белгіленген тәртіп бойынша ғана барамын», – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасында.
Есте болса, 2016 жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан кейін Есентаев өзінің кінәлі емес екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаева да сотқабұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарау туралы өтініш білдірді.
Одан бөлек, қазақстандықтар Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету үшін петиция ұйымдастырды. Дегенмен көптің талпынысы нәтижесіз қалып отыр.