«Әйел еркектен бір саты төмен тұрады дегенмен келіспеймін» - Баян Алагөзова

«Әйел еркектен бір саты төмен тұрады дегенмен келіспеймін» - Баян Алагөзова

Енелер өз келіндерін сыйламайды. Ол да біреудің қызы.

Танымал продюсер Баян Алагөзова “Қыздар-ай” бағдарламасында қыз-келіншектерге көп жағдайда ененің тарапынан қысым келетінін алға тартып, қоғамды өзгерту үшін неден бастау керегін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушінің: “Әйелдердің құқығын қорғайтын ұйым құру ойда бар ма?” деген сауалына Баян Алгөзова: “Ойда бар. Бірақ бұл қоғамдағы жағдайды түбегейлі өзгертпейді. Әйелдің жауы – ене. Бір ене өзі келініне: “Сен – әйелсің, өз орныңды білу керексің. Сен – екінші сортсың, менің ұлымнан төмен тұрасың. Бізге қызмет етуге міндеттсің. Мен сағат 6-да тұрғанда 6:15-те шәйім дайын тұрсын, есік алды сыпырулы болсын” депті. Енелер өз келіндерін сыйламайды. Ол да біреудің қызы.

“Біз екінші сортпыз, әйел ер адамнан бір саты төмен тұрады” деп өзімізді-өзіміз сендіріп жүргенде бұл тығырықтан шыға алмаймыз. Неге әйел ер адамнан төмен тұруы керек? Сондықтан ер балаларды тәрбиелеу керек. Оларға қыздың нәзік екенін, болашақ балаларыңның анасы екенін, оны сыйлап, қорғау керегін түсіндіруіміз керек”, – дейді продюсер көпшілікке қоғамдағы мәселені шешудің жолын көрсетіп.

Сондай-ақ Баян Алагөзова немересі дүниеге келген соң қаншалықты өзгерінін, өзінің қандай әже екенін айтып берді.

“Мен қызымның отбасына араласпаймын. Бала өзінің әке-шешесінің жанында өсу керек деп санаймын. Қызымның үйіне айына бір-екі мәрте қонаққа барып тұрамын. Иә, көптен күткен немерем, оны барынша еркелетеміз. Мен өз қыздарымды да “Сен – ханшайымсың, сұлусың. Өзіңді сыйлай білу керексің” деп өсірдім. Мен оларды сұлулық салондарына, әдемі дүкендерге, театрға, киноға апарып жүрдім. Қыздарымды махаббатқа бөлеп өсірдім. Олар да өз балаларын дәл солай тәрбиелейтініне сенімдімін. Айсәуле де өзін әйел ретінде сыйлайтын отбасыға келін болып түсті. Мен ол үйге қаншалықты сирек барсам, бала соншалықты көп нәрсені әке-шешесінен үйренеді. Мен тек сырттай жақсы көріп, сүйсініп отырамын. Мұны дұрыс не бұрыс деп айта алмаймын. Бұл – менің тәсілім”, – дейді Баян Алагөзова. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста