Әділ бәйге жалғасын таппақ

Әдебиет саласында әртүрлі тақырыптағы бәйгелер мен мүшәйра­лардың өтіп тұратынын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Мерейтойлар мен басқа да шараларға байланысты өткізілетін мүшәйралардан бөлек, тұрақты түрде өтіп тұратын бәйгелер бар. Соның бірі де бірегейі –  халықа­ралық «Дарабоз» бәйгесі.
Биылғы жылы тоғызыншы рет ұйым­дас­тырылып отырған бәйге еліміздің рухани-мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналып үлгерді. Жылма-жыл өткізіліп тұратын бәйгенің имиджі жақсы қалып­тасты. Өйткені қандай да бір бәйгелер өті­сі­мен, артынша көптеген сөздер айтылады. Бәйгенің әділ өтпегендігі жайында көңілі қалған адамдардың наразы пікірлері жиі айтылады. Соның салдарынан ол мүшәй­ралардың соңы құрдымға кетіп жатады. «Дарабоздың» тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанына осы әділдігі себеп болса керек. Осы орайда бәйгенің ұйымдастырушысы Шәкен Күмісбайұлына қаламгерлердің айтар алғысы шексіз. Ал бәйгенің сыйлық қорына, бәйге алған шығармалардың кі­тап болып жарық көруіне, оның таралуына кететін шығынды тоғыз жыл бойына кө­теріп, демеушілік жасап, қомақты қаржы бөліп келе жатқан «Жер-Су» өндірістік-инвестициялық корпорациясының басшы­сы Бауыржан Оспановқа қаламгерлер мен оқырмандардың алғыстан басқа айтары жоқ. Былтырғы жылы жүлде алған шығар­малардың «Баянжүрек» баспасынан «Кәу­сар бұлақ» сериясымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көргенін хабарлай оты­рып, бәйгенің биылғы жылғы шарттарын жариялап отырмыз.
«ДАРАБОЗДАН» ДАРА ШЫҚ!
Бәйгеге балабақша тәрбиеленушілері мен 1-8-сынып оқушыларына арналған прозалық, поэзиялық және сахналық шығармалар қабылданады. Повестер – 20-25 беттен, әңгімелер, ертегілер – 10 бет­тен, өлеңдер, балладалар, ертегі-өлең­дер, шағын поэмалар, сахналық қойылым­дар 5-10 беттен аспауы шарт. Бәйгеге балабақша бүлдіршіндеріне арналған қысқа әңгімелерден, топтама өлеңдерден басқа, тек бір ғана шығарма жіберілуі тиіс.
Ұйымдастыру комитетінің талаптары бойынша шығармалар компьютерлік стандартқа сай 14 кегельмен (аралық 1,5) теріліп, үш дана етіп басылып, беттелуі қатаң талап етіледі. Бәйге жабық бәйге түрінде өтетіндіктен, автордың бүркеншік атының анықтамасы, аты-жөні, мекен­жайы, бай­ланыс телефоны жазылған парақ, кіші конвертке салынып желімделіп, сыртына тек бүркеншік аты ғана жазылады. Кіші конверт салынған үлкен конвертке үш дана шығарма салынып, бүркеншік аты жазы­лып, желімделіп, сыртына мекен­жайы; бүркеншік аты немесе басқа бір есім, фамилия жазылғаны жөн. 
Байқау шартына сай емес, бұрын жа­рық көрген, мерзімінен кешігіп келген және басқа тілдегі шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды. Бәйгеге түскен шығар­малар мына мекенжай бойынша қабыл­данады: 050008, Алматы қаласы, «Дара­боз» бәйгесіне, №01005705 куәлік иесіне.
Шығармалар 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданып, бәйге қорытындысы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жарияланады.
Үздік шығармаларға төмендегі бәйге­лер беріледі:
Есенқұлқажы Маманов атындағы бас бәйге  – 1 миллион теңге;
Бірінші бәйге (екеу) – 380 мың теңге;
Екінші бәйге (екеу) – 175 мың теңге;
Үшінші бәйге (үшеу) – 110 мың теңге;
Ынталандыру бәйгесі (төртеу) 80 мың теңгеден.
Бәйге әділқазыларының шешімі тексерілуге жатпайды. Бәйге қорытындысы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиет­шілер үйінде шығарылып, оқырман ал­дын­да беріледі. (Салтанатты марапаттау жиынында өнер иелерінің концерті мен дастарқан дәмі ұсынылады).
Байқау қорытындысында жүлде алған туындылар арнайы жинаққа топтастыры­лып, балабақшаға, мектеп кітапханала­ры­на тегін таратылады. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста