Абай әнін шырқаған Әлмағамбет

Биыл Ұлы Абайдың туғанына – 165 жыл, Абай мұражайының құрылғанына 70 жыл толып отыр. Осы орайда Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында ақынның шәкірті, белгілі әнші Әлмағамбет Қапсәләмұлының 140 жыл толуына байланысты әдеби-музыкалы кездесу кеші өтті.

Кезінде Әлмағамбет 1914 жылы Семейдегі ақынның қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған кешке қатысып, Абайдың әндерін шырқаған. Әнші қазақ зиялылары Назипа мен Нұрғали Құлжановтармен жақын араласып, Абай есімін халыққа таныстыруда бірлесе жұмыс істеген. Алуан түрлі аспаптарда, скрипкада, сырнайда ойнаған өнерлі адам болған. Бірінші болып Шыңғыстау елінде үш ішекті домбырада ойнаған.

Әлмағамбет – Абай әндерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны насихаттаушы болған адам. Қазан төңкерісінен кейін де Семей зиялылары қазақ театрын ұйымдастырғанда Әлмағамбет солардың арасында болды. Абайдың мәңгі өлмес туындыларын кейінгі буынға жеткізуші – бірден-бір өнерпаз.

Аталған кеште мұражай директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Мағазбекұлы Әубәкір Әлмағамбеттің өмір жолы мен шығармашылық қырларына тоқталды. Сонымен бірге үнтаспадан ұлы Шабдан мен жары Құпияның естеліктері тыңдалды. Кешке зиялы қауым өкілдері, Әлмағамбеттің ұрпақтары: Азаматтық хал-ахуал актілер жазбалары бөлімінің бас маманы Әлмағамбетова Салтанат Шабданқызы, Несіпхан, Рүстем сынды немерелері, Данияр, Мақсат, Қанат сияқты шөберелері, Шабданның кіші келіні Лаура Мансұрқызы және өзге де туыстары, танымал әншілер Келденбай Өлмесеков, Берік Омаров, скрипкашы Рахымғали Мыржықбаев, күйші-домбырашы Серік Малаев қатысты. «Әлмағамбет Қапсәләмұлының өміріне қатысты деректер» деген тақырыпта баяндама оқылды. Әншілердің орындауында Әлмағамбеттің әндері тыңдалды. Слайдтан Абай заманындағы Семейдің көріністері, әншінің үш ішекті домбырасы, Әлмағамбет туралы деректер, 1914 жылы Абайды еске алу кешінің бағдарламасы, фотоқұжаттар көрсетілді.

Қаперге
Әлмағамбет Қапсәләмұлы (1870-1932) Шыңғыстаудың тумасы.
Ол Мүрсейіт Бікеұлы, Кішкене сынды ауыл молдаларынан ескіше оқып, сауатын ашқан. Абайдың кеңесімен Мағауия, Тұрағұлдармен бірге үш қыс қаладан музыка аспаптарын оқып қайтады. Ұзақ жылдар бойы өмірін Абайдың ауылында өткізген, қадірменді өнерпаз, елге белгілі әнші болған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста