Әскери борыш өтеу мерзімі ұзартылмайды
Биылдан бастап әскерде борыш өтеу 2,5 жыл болады деген сыбыс бар. Сол рас па?
Илья САЛЫҚҰЛЫ, Шымкент
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі «Әскери борыш және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес, әскери борышын өтеуші қатардағы жауынгерлер – 12 ай, ал әскер қатарына шақырылған офицерлер 24 ай ішінде еліміздің Қарулы Күштері қатарында болады.
Ал әскери келісімшарт арқылы аттанушылар келісімшартта көрсетілген мерзім бойынша (үш жыл, бес жыл, он жыл немесе жасы тиісті межеге жеткенге дейін) әскер қатарында болады. Заңнамадағы бұл мерзімдерді ұзарту мәселесі бұл жылдың жоспарында жоқ.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу